Қаламгер Айгүл Жұбаныш Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті — TilshiNews

Қаламгер Айгүл Жұбаныш Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті

Ақтөбе өңірінен шыққан жазушы, сценарийші, журналист Айгүл Жұбаныш Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті, деп хабарлайды «Тілші».

«Бүгін мен үшін ерекше қуанышты күн! Бірнеше замандастарыммен бірге Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне өттім. ЖО төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет ағаның қолынан мүшелік билетімізді алдық», – деп жазады Айгүл Жұбаныш.

Айгүл Жұбаныш одаққа өтуіне қолдау танытып, пікір жазып берген жазушы Мәди Айымбетовке, ақын Гүлімай Әбішқызына ерекше алғыс білдіреді.

«Сонымен бірге ақын, ҚР Жазушылар Одағы Астана қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, ақын Ақберен Елгезек ағаларымызға ҚР Жазушылар одағы хатшылығының меңгерушісі Қайырниса Жұмашеваға айтар алғысым шексіз!», – дейді ол.

«Қазақ әдебиеті көшіндегі алдыңғы лек, аға буындардың сенімін ақтап, елге, тілге қызмет қылуға, қасиетті, киелі сөз құдіретіне адал болуға, қаламды қастерлеуге жетерлік қуат бізде де болғай», – деп жазады жазушы.

«Тілші-ақпарат»

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған