Ақтөбе белсенділеріне әлеуметтік жобалар әзірлеу жөнінде тегін шеберлік сабақтары өтеді — TilshiNews

Ақтөбе белсенділеріне әлеуметтік жобалар әзірлеу жөнінде тегін шеберлік сабақтары өтеді

Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы 10-11 наурызда Ақтөбе белсенділеріне «Әлеуметтік жобаларға өтінімдерді дайындау» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізеді, деп хабарлайды «Тілші».

Жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылады. Шараға ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, белсенді азаматтар – барлығы 20 адам қатысады.

«Іріктеуден өткендер екі күн қатарынан жобалық өтінімдер құрылымымен танысады, жобалық өтінімдер жазуды, мемлекеттік және мемлекеттік емес донорлардың талаптары бойынша бюджетті құруды үйренеді. Сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік есепті  тапсыруды меңгеріп, донорларға есептер жасақтауды және салық есептерінің нысандарын толтыру, т.б. білімдерін арттырады», – дейді Маңғыстау облысы Азаматтық альянсының Президенті Жібек Ахметова.

Жоба мақсаты – мемлекеттік  қызмет көрсету және жергілікті қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыратын мемлекеттік ресурстарды бөлу арқылы Батыс Қазақстанның ауылдық аудандарында өмір сүру сапасын арттыру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған