Қазақстанда ақпарат пайдаланушының қандай құқықтары мен міндеттері бар? — TilshiNews

Қазақстанда ақпарат пайдаланушының қандай құқықтары мен міндеттері бар?

«Тілші» сайты Қазақстанда ақпаратқа қол жеткізу бойынша бірнеше материал дайындауды көздеп отыр. Бүгін ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттеріне тоқтап өтсек… 

Еліміздегі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның талаптарына сәйкес, ақпарат алушы заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпарат алуға және таратуға құқылы.

Сонымен бірге, ел заңнамаларына сәйкес, ақпарат беру туралы сұрау салумен өтініш жасауға, алынатын ақпараттың нақтылығы мен толықтығын тексеруге құқық берілген.

Ақпарат пайдаланушы сұрау салуды кері қайтарып ала алады. Кейде, тіпті, ақпарат алу қажеттілігін негіздемеуге де құқығы барын ескеру керек.

Егер ақпарат алу барысында қандай да бір кедергілерге тап болса, әрине, шағымдануға құқығы бар. Бұл жөнінде заңда лауазымды адамдардың әрекетіне шағым жасауға болатындығы айтылған. Әрине, ақпаратқа қол жеткізу құқығыңыз заңсыз шектеліп жатса, осындай қадамға баруға болады.

Осы ретте келтірілген материалдық залалдың және моральдық зиянның заңда белгіленген тәртіппен өтелуін талап етуге құқығы бар екенін де айта кеткіміз келеді.

Бұл жарияланым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Еркіндік Қанаты» ҚҚ ұйымдастыратын «Өзгеріс көшбасшылары» жобасының шеңберінде дайындалды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған