4 пайызбен жеңілдетілген автонесие: жаңа бағдарлама бойынша көлік сатып алу шарттары аталды — TilshiNews

4 пайызбен жеңілдетілген автонесие: жаңа бағдарлама бойынша көлік сатып алу шарттары аталды

Вице-премьер Роман Скляр көлік сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиенің шарттарын айтты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«Осыған дейінгі бағдарламада жылдық пайыз – 20, бастапқы жарна 4 пайыз болса, қазір жылдық пайыз – 4, бастапқы жарна 4 пайыз болады. Бұл 7 жылға есептеледі. Әрине, 7 жыл көп уақыт болмағандықтан көбіне арзан көліктер берілетіні түсінікті. Дегенмін, 71 мың азамат жаңа көлікті қолжетімді бағамен сатып ала алады», – деді Скляр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған