
Есет Аманжолұлы қазір «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» Ақтөбе облысындағы филиалында жұмыс істейді. Орда бұзар отызға жетіп қалған жігіт мектепте оқып жүріп жолшы болуды арамандағанын айтады.
«Қандай заман болмасын жолсыз жүру мүмкін емес. Жол – экономиканың нағыз тетігі. Қатынас болмаса адамның күні қараң болады. Үйдегі үлкендер де оқушы кезімде мұғалім, дәрігер, жол саласының маманы үнемі сұранысқа ие болатынын жиі айтатын. Ол да мамандық таңдауыма себепші болған шығар. Көпшілік жолда жұмыс істейтіндерді үстіне сары жилет киіп алып, күрекпен тас күреп жүреді деп ойлайды. Жолға тек жұмысшы ғана емес, инженер де, зертханашы да, техника саласы мамандары да керек. Мен алғаш еңбек жолымды зертханада бастадым. Топырақ, құмның түрлерін тексеріп, шағыл тастарды зерттейсің. Қарапайым тұрғындарға қиыршық тастың бәрі бірдей көрінеді. Ал маман оны бірнеше түрге бөледі. Беріктігі, құрылымы, қайдан өндірілгендігі бәрі-бәрі сапасын анықтайды», — дейді Есет Аманжолұлы.
Тәуелсіздік құрдасы Ақтөбеде орта мектепті тәмамдаған бойда көршілес Орынбордағы мемлекеттік университеттің сәулет-құрылыс факультетіне оқуға түседі. Автокөлік жолдары мен аэродром құрылысы мамандығы бойынша білім алыпты. Ең алғаш жұмысқа тұрғандар «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» көлік дәлізін салып жатқан компанияның зертханашысы болып істейді.
«Ұлы Жібек жолы мәңгілік тарихта қалды. Осы жолдың бойындағы қанша елдің байланысы мен қатынасына ықпал етіп, халықтың тұрмысына көмектесті. «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жолы да ел пайдасына тиіп жатыр. Осы дәліз салынбай тұрғанда жұрт мына тұрған Ырғызға жол қатынасының қиындығынан сағаттап, кейді бір күнде әрең жететін болған. Қазір таң атпай шықсаң, асықпай 4-5 сағатта жетесің. Әрине, жолды сапалы салу керек. Одан соң күтіп ұстау керек. Осыған аса мән берілгені дұрыс. Жол құрылысы жылы кезде жүргізіледі. Сондықтан жолшыларды жазда жұмыс істеп, қыста демалады деп ойлайды көбісі. Бірақ біздерде жыл он екі ай бойы жұмыс тоқтамайды. Қыста жолды қардан тазарту керек. Құрылысқа қолданатын материалдарды сынақтан өткізіп зерттейміз», — дейді кейіпкеріміз.
«Үлкендер «кезінде…» деп одақ құрамында болғандағы оқиғаларды айтса маған қызық көрінеді. Ол уақытты көрмегесін, білмеген соң таң қаласың. АҚШ тұрмақ, жақын шетелдерге барып-келуге шектеу болғанын айтып жатады. Ол мен үшін енді кітаптан оқитын тарих. Ал мен тұрып жатқан, мен білетін Отанымда кез келген азамат қалаған жеріне барып, қалаған ісімен айналысып, өз қалауымен жүре алады», — дейді жол саласының маманы Есет Ұзақпаев.
Ж. Ахаш
Айналайын Есетжан,денин сау болып,жол саласындагы енбектерин жемисти болсын.Жарайсын,бакытты,узак омир сур!Талабын он болсын! Нагашы апан Рысты
Есет жаным,жұмысын жемісті болсын, денің сау болып, биіктен көріне бер. Өмірде бақытты бол, әрқашанда жолың ашық болсын!
Много нового, спасибо. Если ищете что посмотреть вечером дома бесплатно на этом сайте https://kino24.org лучшие коллекции фильмов и сериалов на любой вкус.