
Қолыңыз бос болмай жатса да, кітап оқуға уақыт табу керек, немесе надан болып қала беріңіз. – Конфуций;
Әр оқырман көшбасшы емес, бірақ әр көшбасшы – оқырман. – Гарри С. Трумэн;
Оқуды үйреніп алған соң сіз үнемі тәуелсіз боласыз. – Фредерик Дуглас;
Оқудың бір шаттық сыйлайтын тұсы бар – ол адамзаттың ортақ даналығына қосылуға мүмкіндік береді. – Ишмаэль Рид;
Оқу – кез келген жерде жарамды жеңілдік билеті. – Мэри Шмидш;
Оқу – ми дамытуға, жаттығу – дене шынықтыруға.– Джозеф Аддисон;
Оқу бізді үйімізден сыртқа қарай шығарады, бірақ, бұдан да маңыздысы, ол әр жерде бізге үй тауып береді. – Хейзел Рочман;
Оқу – жалғыздық сыйлай алатын ең керемет ғанибеттердің бірі. – Гарольд Блум;
Кітаптар тым көп, уақыт тым аз. – Фрэнк Заппа.