
Кітаптар – уақыт деген ұлы теңіздің жағасында тұрғызылған шамшырақтар. – Е. П. Уиппл;
Кітаптар – ең тыныш әрі тұрақты достарың, олар ең қолжетімді әрі ақылды кеңесшілер, және олар ең төзімді ұстаздар. – Чарльз Уильям Элиот;
Кітапсыз үй, терезесіз бөлме секілді. – Генрих Манн;
Кітап оқып отырып, сіз бірнеше адамның өмірімен сүресіз. – Уильям Стайрон;
Кітапсыз бөлме рухы жоқ дене сияқты. – Марк Туллий Цицерон;
Қылышты мұқалтып алмау үшін ұштайтын тас керек, санамызды да ұшқыр ету үшін кітап керек.
– Тирион Ланнистер (Джордж Мартин);
Оқырман мың рет өмір сүреді. Ешқашан кітап оқып көрмеген адам бір-ақ рет өмір сүреді. – Джордж Мартин;
Кітаптар маған өзімнің жеке бостандығыма жол ашты. – Опра Уинфри;
Менің кітаптарымда суреттелген сиқырға сенбеймін. Бірақ сіз жақсы кітап оқып отырсаңыз нағыз сиқырлықтың сонда болатынына сенемін. – Джоан Роулинг;
Балалар өз ата-аналарының алдында отырып, оқырманға айналады. – Эмили Бухвальд.