
Кітап адамзаттың бақыт пен болашақтың құдіретіне апарар жолдағы жасаған барлық кереметтерінің ішіндегі анағұрлым күрделі де ұлы кереметі болуы мүмкін – М. Горький
Кітап – орасан зор күш – В. И. Ленин
Адамдық творчествоның барлық көріністерінің ішіндегі ең ғажайыбы және назар аударуға тұрарлығы – кітаптар. Кітаптарда өткен заманалар ойлары өмір сүреді, баяғыда-ақ сүйектері қурап қалған адамдардың дауыстары анық та айқын естіледі. Адам баласы жасаған, ойлап тапқанның бәрі, соның бәрі, бейне бір сиқырлап қойғандай, кітап беттерінде – Т. Карлейль
Тиыннан сомның құралатыны сияқты, білім де оқығанның түйірлерінен құралады – В. И. Даль
Цивилизацияның жалпы көрінісінде әрбір халықтың орны оның оқыған кітаптарының санымен анықталады – Э. Лабуле
Күн сайын әлемнің ең дана адамдарымен тілдесуден қымбат не болуы мүмкін – Л. Н. Толстой
Кітап – еңбек құралы. Бірақ тек еңбектің ғана құралы емес. Ол адамдарды басқа адамдардың өмірімен және күресімен таныстырады, олардың сезімдерін, олардың ойларын, олардың талап-талпыныстарын түсінуге мүмкіндік береді, ол айналадағыны салыстыруға, байыбына баруға және оны қайта өзгертуге мүмкіндік береді – Н. К. Крупская
Кітапсыз адам өмірі – бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен бірге біздің тұрақты мәңгілік серігіміз де – Д. Бедный
Менің педагогикалық сенімімнің бір ақиқаты кітаптың тәрбиелік күшіне деген шексіз сенім болып табылады. Мектеп дегеніміз – ең алдымен кітап. Тәрбие – ең алдымен сөздер, кітап, жанды адамдық қарым-қатынастар. Кітап – құдіретті қару. Ақылды, шабытты кітап көп ретте адам тағдырын шешеді – В. А. Сухомлинский
Жақсы кітаптар оқу – өткен замандардың ең жақсы адамдарымен әңгімелесу деген сөз, онда да әлгі адамдар бізге өзінің тек қана ең жақсы ойларын айтып беретін әңгімелесу – Р. Декарт
Кітаппен істес болу адаммен істес болуға әзірлейді. Қай-қайсысы да бірдей қажет – Н. М. Карамзин
Қайсы бір жақсы кітапты оқып шығып, өз өмірінің жаңа дәуірін ашқан адамдар қаншама – Г. Торо
Білімнің қайнар бұлағы – кітапты сүйіңіздер, тек білім ғана құтқарушы, тек сол ғана сіздерді рухани күшті, адал, ақыл-есті, адамды шынайы сүйетін, оның еңбегін қадірлеп, оның үздіксіз ұлы еңбегінің жемістеріне шын жүректен қызығатын кісілер ете алады – М. Горький
Кітап – ұжымдық тәжірибе. Ұлы кітаптардың жиырмасын бастан кешті деген сөз – П. А. Павленко
Егер бу мен темір жолдар ара қашықтықты жоқ еткен болса, онда кітап басып шығару уақытты жоқ етті: соның арқасында біздің бәріміз – замандастарымыз. Мен Гомермен және Цицеронмен әңгімелесемін, ал болашақтың Гомерлері мен Цицерондары біздермен әңгімелесетін болады – А. Ламартин
Кітапсыз қиын-ақ – В. И. Ленин
Кітап – білім бұлағы – М. Горький
Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы – Н. К. Крупская
Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын – М. Горький
Білім – біздің шамшырағымыз. Кітап – біздің ұстазымыз – В. В. Маяковский
Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі – М. Әуезов
Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей – Л. Н. Толстой
Ештеңе оқымаған адам ештеңе ойланбайды – Д. Дидро
Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады – М. Әуезов
Олар (кітаптар) – менің құлдарым және мен қалай тілесем, маған солай қызмет етулері тиіс – К. Маркс
Кітап – заманалар толқынында тербетіліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі – Ф. Бэкон
Кітап – асып-таспайтын адал досымыз – В. Пого
Кітап – ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші – Дэвенант
Кітап – бір ұрпақтың екінші ұрпаққа қалдырар рухани өсиеті, көзі жұмылып бара жатқан қарттың балғын жасқа айтар ақыл-кеңесі – А. Герцен
Кітап – керемет дос. Өмірінің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады. Ешқашан өкіндірмейді – А. Доде
Кітап – ақылға қуат беретін құрал – Ян Коменский
Кітап маған тақтан да қымбат – У. Шекспир
Кітаптан басқаның бәрі дәрменсіз – А. П. Чехов
Ғылым – кітапта. Кітаптан өмір сырын ұға білу үшін өз бетіңмен талаптан – Н. Г. Чернышевский
Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін – Н. И. Пирогов
Кітапсыз үй жансыз дене тәрізді – Цицерон
Дереккөз: massaget.kz
Интересная информация. Если мышечный тонус стал ослабленным, чувствуете постоянную усталость, облысение или депрессия, Вам нужны гормональные препараты. Переходите на этот сайт тестостерон инъекции цена , на нем только оригинальные и рабочие препараты. Помимо этого не стоит забывать, что повысить уровень тестостерона можно за счет правильного питания, а также качественного сна и отдыха с применением физических нагрузок.