Жаңа үй ме, әлде қолданыста болғаны ма? Nur Capital мамандары кеңес береді — TilshiNews

Жаңа үй ме, әлде қолданыста болғаны ма? Nur Capital мамандары кеңес береді

Баспана таңдауда су жаңасын алған дұрыс па, әлде бірнеше жыл қолданыста болған үй жақсы ма? Бұл сауалға Nur Capital компаниясының жетекшісі Данияр Нұрғалиев жауап береді.

«Меніңше, екі нұсқаның да өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Таңдау нақты жағдай мен тұрғынның қалауына байланысты. Анықтау барысында оңай болсын деген оймен 5 басты артықшылықты айтып отырмын», — дейді Данияр Нүрғалиев.

Жаңа үйдің артықшылықтары:

1. Төмен баға. Құрылыстың алғашқы сатысында бір шаршы метрдің бағасы қолданыстағы үйдің бағасынан әлдеқайда арзанға шығады.

2. Жөндеу барысы. Сіз қиялға ерік беріп, өзіңіз жөндеп аласыз. Немесе уақытыңыз бен күшіңізді үнемдеп, құрылысшының нұсқасын таңдайсыз.

3. Жайлылық. Әдетте, жаңа үйлерде бөлмелері ыңғайлы етіп бөлінеді, ас бөлмесі мен санитарлық орындары кең болады.

4. Таңдау еркіндігі. Құрылыс жүріп жатқанда пәтерді таңдау мүмкіндігі бар. Терезеден көрініс қандай болады, 5 не 17 қабатта тұрғыңыз келе ме, батыс не шығыс жақты таңдайсыз ба, пәтердің кеңдігі немесе керісінше, өзіңіз қарайсыз. Неғұрлым ертерек қимылдасаңыз, соғұрлым таңдау мүмкіндігі жоғары.

5. Заң жағынан таза. Сіз алғашқы меншік иесі боласыз. Демек, баспананың бұрынғы иелерінің меншік құқығы болмайды. Бас ауыртуға еш себеп жоқ.

Қолданыста болған баспананың артықшылықтары:

1. Инфрақұрылым. Балабақша, мектеп, метро, аялдама, дүкен — сіз үшін не маңызды? Бірнеше жыл бұрын салынған үйдің айналасында қолайлы жағдай жасалған. Сондықтан, пәтер таңдағанда айналасында не барын бірден бағалай аласыз.

2. Ашықтық. Қолданыстағы үйді сатып аларда көршілерінің қандай екенін, подъезінің тазалығын, жалпы, ахуалын бірден анықтауға болады.

3. Сенімділік. Егер үй ертеректе салынған болса, іргетасының әбден отырғанын білу де маңызды. Қабырғаларында сызаттар болмайды, артық мәселе туындамауы мүмкін.

4. Жөндеу. Жақсы пәтер сатып алсаңыз, жөндеу жұмыстарын жүргізбей-ақ көшіп баруыңызға болады. Немесе Nur Capital мамандарынан кәсіби кеңес алып, жөндеу жұмыстарына кірісуге болады.

5. Ертеңге күнге сенімділік. Әдеттегідей, ондаған жыл бұрын салынған үйдің айналасында бос жер болмайды. Сәйкесінше, күндердің күнінде терезеңіздің астында құрылыс жұмыстары басталып кетпейді.

Nur Capital — сіздің үйіңіздің сәнін келтіріп қоймай, ертеңгі күнге сенімділік сыйлайды. Жайлылық пен сапа кепілі!

Тел.: +7 775 085 08 95

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *