Қайрат Данабекұлы, жас кәсіпкер: Франшиза – тұрақты табыс көзі болмаса да, керек кезде қосымша қаржылай көмек — TilshiNews

Қайрат Данабекұлы, жас кәсіпкер: Франшиза – тұрақты табыс көзі болмаса да, керек кезде қосымша қаржылай көмек

Қазіргі таңда көптеген азаматтар франчайзингтің арқасында өз шаруаларын дөңгелетіп келеді. Франшизамен айналысып жүргендердің бірі — Қайрат Данабекұлы.

Қайрат 18 жастағы 2-курс студенті. Сабағынан тыс қосымша инстаграм, фейсбук, таргетингті жетік меңгеріп, интернет арқылы өз қызметін ұсынып жүр. Бизнес аккаунттар немесе жеке тұлғалардың инстаграм парақшаларын бірдей стильде рәсімдеу, оқырман санын көбейту, таргеттік жарнаманы фейсбукте орнату арқылы жұмыс жасауда. Сондай-ақ, Қайрат франшиза сатумен айналысады.

«Бұл – тұрақты табыс көзі болмаса да, керек кезде қосымша қаржылай көмек», — дейді Қайрат. Ол өзінің шағын бизнесін ғаламтор желісінде дамытып келеді. Франчайзинг еліміздегі нарыққа өте тиімді. Бизнеске аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек.

Қайрат Данабекұлының айтуынша, «Франшиза» дегеніміз бизнеске арналған дайын идея тізімі. Яғни, тізімге бизнес идеяның 1000 түрі, бейнематериалдар, оқыту сабағы, шеберлік сабақтар, т.б. кіреді. Өз тұтынушыларын таргет жарнамасын беру арқылы табады.

Франшиза жиынтығы немесе белгіленген бизнестің франшизасы қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Франчайзингтің басты ерекшелігі және артықшылығы – бизнестің жылдам, әрі тиімді басталуы. Франшиза кәсіпорынның дизайнын жасауға, бизнестің дұрыс жұмыс жасап жатқандығына көз жеткізуге көмектеседі.

Еліміз үшін кәсіпкерлікті дамыту маңызды мәселелердің бірі. Бизнесті енді ғана бастап келе жатқан кәсіпкерлер қаржы жағынан қысым көреді, ал франшиза осы мәселені шешудің оңтайлы жағын көрсетеді.

Қайраттың осындай интернет арқылы жасаған бизнесі көркейіп, оған көлемді табыс әкелуде. Қайрат оқуы мен ғаламтор бизнесін қатар дамытып, ерінбей еңбек етуде. «Тамшыдан дария құралады» дегендей, Қайрат Данабекұлы шағын бизнесін дамытуда, мол табыс әкелетін ірі бизнесті жалғастыратын стратегиялық жоспар құруда.

Франшиза әлеміндегі бизнес

«Франшиза», «франчайзинг» ұғымдары қазіргі кезде кең тарап, көп салаларда қолданылады және еліміздің экономикасын дамытуға да пайдасын тигізеді. Алдымен, бұл ұғымдарды өзара ажыратып, түсініктеме беріп көрейік.

«Франшиза» француз тілінен аударғанада «жеңілдік», ал, «франчайзинг» ағылшын сөзі «лицензия», «айырықша құқықтық» деген мағынаны білдіреді. Франшиза – франчайзинг келісімінің объектісі. Сондай-ақ, бренд және бизнес-үлгілерді қолдану құқығының жеңілдетілген кешенінен тұрады. Мысалы, бизнестің үлгісі, тауар белгісі, өндіріс немесе қызмет көрсетудің технологиясы.

«Осы күнгі франчайзингтің бастамасы тігін машиналарын өндіруші әйгілі «Singer Sewing machine company» компаниясының негізін қалаушы Исаак Зингерден басталды. Оның фирмасы 1851 жылдан бастап осы компанияның тігін машиналарын ресми сатушыларымен келісім-шартқа отырады. Жасалған келісім-шартқа сәйкес осы компанияның ресми сатушылары «Зингер» тігін машиналарын Америка Құрама Штаттарында сатуға және оларды жөндеуге қатысты арнайы құқығы берілді». (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)

Франшизаға қызығушылық танытатындардың арасында «оның мақсаты қандай», «франчайзер өзінің бизнесінің құқығын неліктен сатады» деген сұрақтар туындайды. Бұлардың ең басты жауабы – пайда, табыс табу. Сондықтан, франшизамен айналысу қосымша ақша табу мақсатында жасалатын бизнестің қыр-сыры болып табылады.

Франчайзинг жүйесіне қатысу тәуелсіз бизнесмен болады және ол бизнес мектебінде оқымай-ақ, өз ісін бастау мүмкіндіктеріне ие бола алады.

«Қазақстандық франчайзинг «Coca-Cola» зауытының пайда болуымен басталады, қосалқы түрік сублицензиясы лицензиардың аттас сауда маркасы бойынша ашылды. Зауыт 1994 жылы салынды. Елдегі өндірістің ашылуы, сапалы шетелдік компанияның қатысып отырғанын білдірді. Осылайша, атақты сусындар өндірушінің өнімі жай қарабайыр импорт түрінде ғана қол жетімді болған жоқ. Компанияны құру барысына жергілікті компания қызметкерлердің қатысуымен ұлттық өнім жасалынды». (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)

Айгуль САИМОВА, Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті

«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады

31 Comments

  1. Франшиза қазіргі кезде кең қолданылады. Ең қарапайым юизнестің түрі. Жеңіл әрі оңай!

  2. Толық ақпарат қайдан алуға болады? Телефоны немесе инстаграмын қайдан алуға болады?

    1. Инстаграмда франшиза бизнес деп іздеуге болады. Бірақ алаяқтар да бао. Материалдың сапасын тексеріп сатып алу қажет.

  3. Адал болса болды ғой, қазіргі жастар молодец, кез келген жұмысты алып кетеді. Сәттілік!!!

      1. Жас болса да омирдин агымына сай осындай жастар коз куантады!Иси онынан болсын!

  4. Бизнес бастау әркімнің қолынан келеді. Үлкен бизнесмендер арасынла шырпы қорабын сатудан бастаған. Көбіміз ерініп жүреміз. Ал, заман талабы ау дейм, франшизаның сұранысы көп екен. Инстаграмда көп кездеседі

  5. Франшиза казирги танда ен карапайым табыс кози десемде болады. Озим айналысканмын.

  6. Мен өз бизнесімді франшизадан бастаған болатынмын. Арнайы курстарды да оқығанмын. Егер материал тізімінде көп база болса, бизнесті дамытуға керемет ұсыныс?

    1. Франшиза — жас мамандарға үлкен мүмкіншілікке жол ашады! Қайрат Данабекұлы, жастарға үлгісің!

  7. Франшиза казирги танда коп колданылады. Франшиза табыстын колайлы тури.

    1. Франшиза отличный и удобный вид дохода! Моя подруга приобрела себе франшизу и сейчас занимается любимым делом и имеет немаленький доход

  8. Казирги танда франшиза жастар ушин бизнестин ен колайлы тури деп ойлаймын. Улкен бизнеске уласуына тилектеспин!

  9. Ия, казирги заман талабына сай жумыс ФРАНШИЗА деген. Немен айналысам, калай акша табам дегендерге асиресе. Кез-келген адам озине керек дуние таба алады жане табыс козине айналдырып кетуи абден мумкин!

  10. жас болса да бизнесті қолға алған Кайрат жигитке саттилик серік болсын. макаланы оки отыра бизге неге айналыспаска деген ой туады екен.

  11. жас болса да бизнесті қолға алған Кайрат жигитке саттилик серік болсын. макаланы оки отыра бизге неге айналыспаска деген ой туады екен.

  12. Сейчас в наше время, много возможностей, было бы главное желание , рвение ….франшиза приносит хороший заработок !

  13. Өте пайдаьы мақала ? , бизнесті жастарға қалай бастау туралы тағы да толығырақ мақалалар болса ?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *