Орындалмаған уәделер: Шығыстағы Шілікті ауылы тұрғындары неліктен басшыларға сенуден қалған? — TilshiNews

Орындалмаған уәделер: Шығыстағы Шілікті ауылы тұрғындары неліктен басшыларға сенуден қалған?

Өзіміз білетіндей Қазақстанның әрбір даласы тұнған тарих. Соның бірі және бірегейі ШҚО Зайсан ауданы Шілікті ауылы. Бұл өңірде  сақ, үйсін тайпаларының ежелгі қонысы, яғни қорымдары көп.

Жалпы саны 200-ден астам обалар бар, соның ішінде 50-і патша обалары. Әрине әрбір оба тұнған тарих болғандықтан оны зерттеу әркімнің қызығушылығын тудыратыны хақ.

Шілікті обаларын зерттеу I Пётр кезінде басталған, жұмыс әрі қарай жалғасып 1914 жылдан бастап археолог, ғалым Черников Шілікті обаларын зерттей бастады. Бұл жұмыс 1970 жылға дейін жалғасты.

Бұл архелогтан кейін, яғни тәуелсіздік алғаннан кейін археолог, ғалым Әбдеш Төлеубаев 2003 жылдан бастап қазба жұмыстарын бастады. Жұмыс нәтижесін беріп, Қазақстанның үшінші  Алтын адамы табылды. Бұл Республикалық сенсация болды.

Облыс басшысы келіп жұмыстармен танысты, ол былай тұрсын сол кездегі мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед келіп қазба жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындардың мұңын тыңдап, өзінің халыққа бірнеше уәдесін беріп еді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед келген кезде «Алтын адам табылған дәл осы обаға аспан асты мұражайы және кесене салынады. Шілікті туризм орталығына айналады» деген болатын.

Министрдің мағыналы да мәнді сөздері жергілікті халықтың көңіліне біршама көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұлай деуімнің себебі — Шілікті өңірі мүлдем өркениеттен тыс қалған, интернет жоқ, ауыз су жоқ, ел құдықтың тазартылмаған лас суын ішіп жүрді, аудан орталығына қатынайтын 60 км жол мүлдем нашар.

Бірақ министрдің бұл сөзі 17 жыл өтті әлі орындалмады. Тек ауыз су 2018 жылы тартылды. Қалған сөздері айтылған күйі қалды, орындалмады.

Алтын адамды алып кеткен соң, қорымдар ашық-шашық күйі қалды. Жергілікті халықтан да маза кетті.

Алтын адамды алып кеткен соң Шілікті өңірінде бұрын-соңды болмаған табиғаттың қолайсыз құбылыстары басталды. Қысы жайлы өтетін бұл өңірдің қысы суық, боранды болды, қардың қалыңдығы метрден асты. Жазда аптап ыстық, жаңбырдың жаумауы құрғақшылыққа алып келді. Жалпы ауа-райы бұзылды.

Бұны халық тыныш жатқан әруақты қорлап, қорымдарды қалай болса солай қазып, қайтадан жаппаудың салдарынан болды, яғни әруақтардың қарғысы атты деп болжады.

Айтса айтқандай, расымен, қорымдарды қазуға болмайтыны анық. Бұл өңірде болған ең ірі табиғат апаты су тасқыны еді, бұл да әруақтардың қарғысы салдарынан болды деп болжайды халық.

Су тасқыны Шілікті өңіріне қарасты Тасбастау ауылында болып 100-ге жуық үйді су шайып, тұруға жарамсыз қылды. Халықтың малы қырылып, арам өлді. Бірақ үкімет өтемін қайтарды. Жаңа үйлер салынып, өлген малдың өтемі қайтарылды.

Халықтың еңсесі біраз болсын, көтеріліп қалғанмен, көкейінде бір мұң болды. Әрине, ол министрдің уәделерінің қашан орындалуы және обалардың қайта көміліп, Алтын адамның сүйегінің қайта жер қойнауына тапсырылуы болатын.

Бұл жұмыстар орындалмаса, жағдайдың мүлдем ушығары анық еді. Ауылдың мен деген азаматтары бұл мәселені көтеріп, облыс басшыларына, мәжіліс депуттарына хат жолдап, осы түйткілді шешіп беруді талап етті.

Тынбай хат жолдап, мәселені шешуді талап еткен халықтың мұң-мұқтажы орындалып, 2013 жылдың маусым айында Алтын адамның сүйегін қайта Шіліктіге алып келіп, арулап жер қойнына тапсырды. Қалған обалар ашық- шашық күйі әлі жатыр.

2016 жылы тағы да Әбдеш Төлеубаев Шілікті обаларына қазба жұмыстарын жүргізді. Тау бөктеріндегі және жазық даладағы 2 обаға қазба жұмысын жүргізіп, бірнеше алтын  бұйым, жауынгер сүйегі, ер мен әйел мүрдесін жылқы сүйегін тапты. Ең жақсы бұйымдар мен жауынгер сүйегі табылған жазық даладағы оба болатын.

Бұл жұмыстармен танысу үшін арнайы облыс басшысы Даниял Ахметов келді. Экспедициялық жұмыстардың нәтижесін көріп риза болды. Әрине бұл облыс үшін біршама мәртебе еді. Ал ауыл халқы бұл жұмыстарға қарсы болды, тіпті дау шығарғандары да бар.

Бірақ бұл дауды архелогтар елемеді, мемлекеттің тапсырмасы болған соң орындау міндет еді. Халықпен кездескен Даниял Кенжетайұлы “Мына обаны аспан асты мұражайына айландырамыз”деп кетті.

Аспан асты мұражайына айналдырса, яғни ауылдың барлық жағдайы жасалатыны рас. Өйткені Шілікті обаларымен танысу үшін туристер келеді.

Бірақ әкімнің бұл сөзі тағы да орындалмады. Мұражай салынбаған соң ешқандай жағдай жасалмады, бағана айтқандай тек су тартылды. Жергілікі халық та әкім, басшыларға сенуден қалды. Мен бірнеше ауыл тұрғынымен тілдестім, айтар уәжі бір:

“Жолдың сапасы, интернет желісінің тартылмауы әбден күйісімізді келтірді, қашанғы бұлай болмақ?! Шіліктіден басқа ауылдарға түгел дерлік интернет желісі тартылған, барлық жағдайы жасалған. Ал біздің жағдайымыз қашан жасалмақ? Жыл да әкім-қаралар келіп, келесі жылы барлығы жасалады дейді, бірақ ешқандай жағдай жасағанын көріп тұрғанымыз жоқ. Жыл да алдап кетеді” — дейді жергілікті тұрғындар.

Халықтың сөзі орынды. Расымен ешқандай жағдай жасалмаған, интернет жоқ, жол нашар. Аудан орталығына қатынайтын жол тау ішінен өтетіндіктен тау тастары құлап, жазым қыла ма деген халықтан маза кетті.

Таксилер де бағаны шарықтатып жіберген. 1000 тг сұмдық қой. Бірақ оларды да түсінуге болады. Жол нашар болғандықтан ауданға жеткенше машинаның да бір бөлшегі сынады, оның да бағасы қымбат, бензин де қымбат.

Ауданға жалғыз автобус жүреді. Бағасы қолжетімді – 250 тг. Бірақ автобус ақырын жүретіндіктен ауданға маңызды жұмысымен баратындар үлгермей қалатындықтан таксиге отыруға мәжбүр.

Ал интернет мәселесіне келетін болсақ, ауылда интернет желісі мүлдем ұстамайды. Осы интернет желісінің жоқ болуы әсіресе мұғалімдермен студенттерге қиыншылық тудыруда. Себебі әлемді жайлаған коронавирус салдарынан студенттер қашықтықтан оқу жүйесіне 5-ші сәуірге дейін көшкен болатын, яғни біздің ауылда интернет желісі жоқ студенттер қашықтықтан оқи алмауы мүмкін.

Сондықтан студенттер аудан орталығына барып оқуға мәжбүр, ал ауданда төтенше жағдайдың жариялауына байланысты оқушылар мен студенттерге көшеде жүруге тыйым салынған болатын.

Сонда студенттер қалай қашықтықтан оқымақ? Не ауылда интернет жоқ, не ауданда жүруге тыйым салынған.

Осы мәселелер халықтың біраз қытығына тиген болатын. Тек коронавирус емес, басқа да жұмыстармен, мысалы, практикаға келген студенттер өз жұмыстарымен таныстыру үшін интернет желісі керек.

Ал бізде интернет жоқ, мұғалімдер де kundelik.kz бағдарламасына кіре алмай отыр (мектептің интернет желісі әлсіз, бірнеше жүйе қосылса әлсіреп істемей қалады).

Шілікті шекаралық аймақ, Қытай мен Қазақстан шекарасына таяу маңда орналасқан ауыл болғандықтан бұл ауылды көркейтіп барлық жағдайын жасау керек. Себебі, ешқандай жағдай жасалмағандықтан ауыл тұрғындарының көпшілігі басқа өңірлерге көшіп жатыр.

Бұл ауылдың жағдайын жасамаса, ауыл тұрғындарының саны жыл сайын азайып барады.

Жалпы Шілікті обалары тарихи мұралар тізіміне енген. Бұл бағдарламаға енгендіктен обалардың да жағдайын жасау керек. Ішін тазартып мал-жануарлар кірмейтіндей қылып істеу керек. Алайда, Шілікті обаларының әу-жайы нашар, ішінде шашылған қоқыс, мал сүйектері. Жаңбыр жауған сайын обаның қабырғалары опырылып құлап жатыр. Осының өзі халық наразылығын тудырады.

Барлық жағдай жасалмағандықтан, мектеп оқушылары да ауданнан оқуға мәжбүр. Бұрын мектепте бала саны біршама көп болатын, ал қазір мүлдем аз.

Мысалы, Шілікті ауылына қарасты бір мектепте бұрын 11 жылдық және паралель сыныптар болса, қазір бұлай емес. Мектеп 8 жылдық, бір сыныпта 6 баладан артық бала жоқ, бұның бәрі ауылдағы жағдайдың жасалмауынан.

Қорыта келе ауылдағы тұрғындардың талабы ауданға қатынайтын 50 км жолды жөндеп, интернет желісін тартса, обаларды қайтадан жауып көрсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Бірақ ауыл тұрғындары басшыларға сенуден қалған.

Санжар СЕЙСЕНБАЕВ, Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті 

(фотолар автордыкі және интернет желісінен алынды)

«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттіктің қолдауымен жүзеге асырылады.

27 Comments

  1. Оте жаксы жазылган такырып жаксы ашылган осындай жастарымыз кобейе берсин тек алга

    1. Оте жаксы аитылган такырып . Санжар сиякты жастарымыз кобейе берсин .Ауылдын камын оилап ауылдын жагдаиын аитып котерип жатканына.Тек алга Санжар.Бастаган исин алга бассын улкен биктерден корине бер .Халыктын камын оилаитындаи азамат болып ауылды коркеитуине тилектеспин .Алга Санжар

      1. Санжар,жарайсың! Халықтың біраз мұң мұқтажын жазыпсың.Мұны естір құлақ болсын деп тілеймін.Нағыз халықтың жағдайын ойлайтын азамат боларыңа сенемін.Қаламың ұштала берсін!

        1. Өте тамаша жеткізе білген жеткіншектің жан айқайын тыңдайтын, уәделерін орындайтын ел ағалары қайда? “Құр қасық,ауыз жыртады “- деп, құр сөз бен бос уәде бергенше, сөзден іске көшетін елдің шынайы жанашырлары болмағаны ма? Шалғайда жатқан ауыл халқының шынайы болмысы мен тыныс-тіршілігін мен мұндалатып жазған жасөспірімнің, елінің патриоты, халқының жанашыры, нағыз елдің баласының жетесіне жеткізіп жазған ащы шындығын тасада қалдырмайтын жан табылар ма екен? Бұл жоғарыдағы басшыларға үлкен сын!
          Жарайсың Санжар! Шығармашылық табыстар тілеймін! Жарқын болашағыңның биік шыңдарынан көрінуіңе тілектеспін! Қаламың қарыштай берсін! Бағың ашылсын!

          Лаура Ануарханқызы

  2. Оте дурус айтады бурынгы Шиликти кандай еди? Казир ауыл тургындарына оте киын. Сонда укиметке казба байлыктар керек те сол жерин халкынын жагдайы кызыктырмайды мА?
    Кур ауыз созбен алдап береди халыкты. Менде Санжарды колдаймын оте дурус. Осындай отаны ушин, жер ушин жаны ашыйтын жастарымыз кобейе берсин.

  3. Иә өте орынды айтылған..Әсіресе жолдармен,интернет желісі қолға алса…Елдің қамын ойлап,мұң-мұқтажын, армандарын, ойларын жақсы жеткізіпті…Елім,жерім,қазағым дейтін осындай нағыз ұлтшыл жанашыр Азаматтар көп болсын..ісіңе сәттілік

  4. Оте дурыс айтылган елимизде осындай бетке устар азаматар кобейе берсин

  5. Оте жаксы жазылган такырып ауылдын камын оилайтын осындай жастарымыз кобеие берсин жарайсын Санжар исине саттилик тек алга бик шындардан корине бер жарайсын

  6. Оте керемет молодец осындай жастарымыз коп болсын жас болсанда бас бол диди

  7. Молодец Санжар өте дұрыс жазылған айтылған. Осындай сен сиякты ауылдың жағдайын көрсетіп отыратын жастар көбейе берсин. Үлкен табыстарға жет. Исин оңға бассын әрқашан биктерден корине бер. Отан үшін, жер үшін жаны ашитын сен сиякты азаматтарымыз көп болсын. Тек алға Санжар .Ауылды коркеитуге атсалысканын үшін мың алғыс. Жасай бер Санжар!!!?

  8. Өте орынды тақырып, жастарымызға қолдау көрсетейік. Берілген уәделер уақытында орындалуы тиіс,

  9. Оте дурыс айтылган елимимздин осындай озекти маселелерин козгайтын азаматтарга мын алгыс!!!

  10. Оте жаксы айтылган осындай азамат жигиттер коп болсын елимиздин осындай озекти маселелерин ашып халыққа жеткизгенине улкен алғысымды айтамын

  11. дурыс айтылган такырып жагдай жасалмаганнан каншама казактын ауылды жерлер жабылып калуда осындай ауылдан шыккан жандар ауылдын кадирин тусинет жас тилшилерге колдау билдирик???

  12. Шілікті туралы жазған дарын өте жақсы. Мен қолдаймын. Шілікті де туып өстік қой қазіргі жағдайын көргенде жанымыз ауырады. Барлығы толық күйреді ғой көп адамдар жан жаққа көшіп кетті. Қайтадан қалпына келтірмеседе қалған сол жерде мал бағып өз күндерін оздері көріп отырған халыққа көмектесу ге болады ғой.

  13. Шіліктіні көркейту керек.Қытаймен шекаралас ауылдарда халық көп болуы керек. Ақшам бөлінген де шығар.Жемқорлар жеп қоюы да мүмкін ғой.

  14. Өте тамаша, керемет жазылған. Талабыңа нұр жаусын.Қазақстанның беделін көтеретін, жақсысын асырып, жаманын жасырып жүретін, ақтық демі қалғанша шындықты бетке басып айтатын осындай жастарымыз арта берсін. Саған мыңда бір рахмет. Шілікті жер жәннәтін асқақтай самғауына көмектестің. Тақырыпты кең қолымен ашты түсінікті, әрі саясатты қозғайтын мәселе. Болашақ жастардың қолында.

  15. Осы Шығыстың ауылдарына неге бұйырмайды екени инфрастуктураның бір түрі. Оңтүстікте, Қызылорда жақта 100 үйлі ауылдардың ішінің өзі асфальт. Атырау ауылдарында жол жақсы болмаса да, айдалада жалғыз тігілген үйдің өзіне жарық пен газ кіргізілген.
    Сақтардың Ордасына осы бір заманауи қолайлылықтардың бірі жөнді бұйырмаған. Өкінішті-ақ…

  16. Шілікті рас тозды, бұрын қандай еді кәзір қалай? Енді бұл мәселе өзекті екені көрініп тұр. Шілікті ге кіреберіс акиматқа дейінгі жер ғана жайнап тұр қалған жері тозған, қайта қалпына келтіру ді талап ететіні сөссіз…

  17. Санжар, бауырым жарайсын! Макан атан сиякты беделды азамат болатынына сенимдимин! ??

  18. Жарайсың, өте жақсы айтылған. Сеннен мықты журналист шығады деп сеним билдиремин

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *