
Қолында дипломы бар, бірақ мамандығы бойынша мекемелердің табылдырығын тоздырып жүрген жастар қоғамда баршылық. Осыған байланысты, қайткенде де табыс табу көздерін жан-жақты іздестіріп қарастыру үшін ғаламтор желісіне жүгінеміз. Ғаламтор мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімді жақтары, оның бізге берері мол. «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» деген дана халқымыздың мағыналы сөзі бар емес пе? Сол себепті табыс табудың кез-келген түрін еңбектену барысында ғаламторды қазбалау тәсілімен пайдалануды қарастыруға болады.
Ендеше, интернет арқылы жұмыстың қандай түрлері бар екенін біршама қарастырып, нақты мәліметтерге тоқталайық.
Кеңінен тараған инстаграм әлеуметтік желісінде өз жеке өмірін көпшілікке шығарып, әртүрлі контентте парақшасын жүргізу арқылы блогерлер табыс тауып жүр. Әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны көп блогерлер, вайнерлер, т.б. инста жұлдыздар белгілі бір тауарды жарнамалау арқылы табыстың қайнар көзін ашып отыр.
Осыдан басқа тағы да кәсіп иесі фрилансерді атап өтуге болады. Фрилансер деген кім? Яғни, бірде-бір компанияның құрамында жоқ, тапсырыс берушіні өз еркімен таңдайтын, ең бастысы — өз жұмыс уақытын өзі реттейтін кәсіп иесі болып табылады. Фрилансер қолынан келетін барлық жұмыс түрлерін ғаламтор арқылы орындай алады. Мысалы, вакансия ұсынатын сайттарға тіркеліп, тапсырысты таңдап, сол арқылы жұмыстанады. Вакансия тізімінде копирайтинг, мәтінді аудару, бейнемонтаждау, әртүрлі дизайн жасау, т.б. кіреді.
Сондай-ақ, интернет дүкен ашу, бизнес идея (франшиза) базасын ұсыну, инстаграм әкімшілігі, шебер кластар өткізуді (кулинариялық тағамдар, тоқу, маникюр, бетті әрлеу, сәнді шаш үлгісі, т.с.с.) ғаламтор арқылы жүргізуге болады.
Осыған дәлел ретінде ғаламтор желісі арқылы табысқа жетіп отырған кейіпкерлерімізді атап өтейік.
Желіде дүкен ашып, сабақ жүргізуге де болады
Жалымбетова Балауса Маратқызы мемлекеттік қызметкер, үш баланың анасы. Ол 2014 жылдан бастап бала күтіміне байланысты декреттік демалыста. Балауса, отбасын асырау үшін жолдасына көмектесіп, оның айлығына қарап отырмай, өзі де ғаламтор желісі арқылы табыс тауып отырғандардың бірі. Ол ең алғашқы табысын жүннен шұлық тоқып, интернет дүкен ашып, тапсырыс қабылдаудан бастады. Оның жасаған бұйымдары сапалы, әрі әдемі, төзімді болғандықтан тұтынушылар саны көбейіп, инстаграм парақшасы арқылы тапсырыс берудің көлемі ұлғайды.
Балауса, бұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай басқа да тауар түрлерін жандандыра түсті. Өз қолымен моншақтан әшекей бұйымдар, диадема, кулинариялық тағамдар (торт түрлері, бәліш, құймақ, т.б.) жасап, тұтынушылары мен оқырмандарының көңілінен шыға білді. Сонымен қатар, ол өзінің инста оқырмандарына бұйымдардың жасалу әдісін үйрету арқылы шеберлік сабақтарын жүргізіп және де қыз-келіншектерге арналған киімдерді инстаграм арқылы сата бастады. Бүгінде Балаусаның табысы кішігірім бизнестен көлемді бизнеске ұлғайды және ол мол табысқа кенелген бақытты жан.
Алаяқтардан алыс жүрген жөн
Міне, бүгінгі таңда, осындай табыс көздерін ғаламтор желісінен тапқан көптеген кәсіпкерлер өздерінің кірістерін ұлғайтып, отбасына және қоғамға үлкен пайдасын тигізіп жүр. Ғаламтор арқылы табыс табу білім мен тәжірибені қажет етеді. Пайдасымен қатар, зияны да кездесіп жатады. Пайдасы – табыс табудың қайнар көзі болса, ал зияны — үйіп-төгіп жалған уәде беретін қаржы пирамидалар, «оңай жолмен ақша табуды үйретемін» деп маманданған алаяақтар. Осыған сеніп, қармаққа түсіп, ақшасынан айырылғандар «интернет деген алаяқтардың ордасы» деп ойлайды.
Шын мәнінде, ғаламтор бизнесі жоғарғы біліктілікті қажет ететін кәсіп. Сондықтан, табыс табудың жолдарын меңгермес бұрын, ғаламтор желісінің «жілігін шағып, майын іше білу» және «компьютердің құлағында ойнай білу» қажет. Сонымен қатар, бұл жұмыс уақыт пен күш жұмсауды талап етеді.
Айгүл Саимова, Азаматтық журналистика мектебінің шәкірті
«Азаматтық журналистер» жобасы MediaCAMP Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік қолдауымен жүзеге асырылады.
Балауса апа өте көрікті,ақылды,пысық жан…Алла осы бақытынан айырмасын,,,қолыңыз дерт көрмесін…
Дұрыс айтасыз. Балауса сегіз қырлы, бір сырлы!
Кто хочет, тот найдет способ как зарабатывать! Главное не отступать и идти вперед!
Еңбектеріңіз жана берсін ?
Балауса ханымнын жасап отырган иси оте жаксы екен. Мастер класс отейин деп едим. Кайдан табуга болады?
Инстаграмы бар ма екен? Заказ берейін деп едім
Жұмыс талғамайтын адамдарды жақсы көремін. Еңбегіңнің жемісін көре бер, молодец!
Рас. Ғаламтор желісі көптеген мүмкіншіліктерді береді. Осыны пайдала отырып, сүйікті ісімен айналысып табыс тауып отырған әр түрлі жастағы адамдар күнделікті көбеюде. Балаусаға респект
Қалай заказ берсек болады?
Заттарын қайдан қарауға болады?
balausakoloner , balausamaratovna осы паракшалардан карай аласыз. Рахмет!
Балаусага рахмет, былтыр сизден алып едим, али киип журмин жане сыйлыкка да жаксы екен, оте керекти нарсе. Рахмет
Меним женгем пысык ко тьфу тьфу колынан Бари келеди. Кушти заттары! ????????
Балауса жарайсың???.Менің есімде бөпелері кішкентай болса да,бəрін үлгеріп журеді,өзі пысық (тьфа-тьфа).Қолың дерт көрмесін,өнерің өрлей берсін.Бизнесің өркейе берсін???
Қазіргі жастар пысық келеді. Бос үйде отырмай қолынан келетін істермен айналысады.
Әжеміз кезінде жүннен шұлық тоқып беруші еді. Есіме балалық шағым түсіп кетті.
О мен бурыннан кол онерге кызыгатын едим, мастер класска калай катысуга болады?
Очень интресное занятие
Дурыс. Табылған ауыл. Және де пайдалы іс.
Балауса молодец. оте адеми жане пайдалы ис
Декреттик демалыста баламен отарса да бос отырмай табыс тауып отыр. Керемет, колын дерт кормесин!
Өте дұрыс іс Балауса ханым! Қазіргі таңда көп әйел, қыз-келіншектер үйде баламен отырып немен айналысарын білмейді, күйеуінің айлығына қарап…
Сіздің бастамаңыз керемет, тоқтамау керек, сегіз қырлы бір сырлы болып, әрбір адам қолынан келетін дүниемен айналысу керек!!! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Инстаграм парақшасының ссылкасы немесе ұялы телефоны болса, заказ береміз!
Айгуль ханым, сизге рахмет коп-коп! Енбегиниздин жемисин кориниз!
Барлыктарыныздын пикирлеринизге рахмет! Ия, акша табайын деген жанга казирги уакытта киын емес. Интернеттын дамыган заманы, XXI гасыр дегендей.
Керемет!!! енбегиниз жана берсин.
Керемет
Керемет өнер! Еңбек !!!!
Балауса өнерің үстем болсын,біз сенің шеберлігіңді мақтан тұтамыз?
Супер! Желаю процветания вашему делу!вязание отличное искусство!
Тамаша
Балауса ханым тек алга! Аркашан колыныз дерт кормесин! Барлык иске жауапкершиликпен карайтын жансыз! Колыныздан кандай ис болсын, барин донгелетип ап кетесиз! Сизге кызыга карайсын, тфай тфай! Аркашан осы бетинизден тайманыз! Тек бииктен корине бериниз!????❤️????✊✊✊✊
Енбегиннин жемисин кор. Керемет.
Оте керемет. Колыныз дерт кормесин! Жумысыныз журе берсин!!!
Молодец, сейчас очень много возможностей, главное чтобы приносило удовольствие!
Процветания вам , побольше бы таких людей!
Он саусагынан онери тамган,ози ари сулу…Коп адамга улги боларлыктай!!!Енбегиннин жемисин корсин!