Ақтөбенің іргесіндегі судан зардап шеккен Өрлеу ауылының тұрғындарына жер берілетін болды

Сенбіде облыс басшысы Өрлеу ауылына  ат басын бұрды. Мұнда қатар тұрған үш үй судан қатты зардап шеккен. Бердібек Сапарбаев қала басшысына осы үй иелеріне жер беру жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды «Тілші».

«Осы маңнан жер беріледі. Құрылыс материалдарын алып беруге көмектесеміз. Құрылысты өздеріңіз жүргізесіздер. Қазақта туыс-тума, жолдас-жора, ағайын деген бар. Жабылып, асарлатып, осындайда үй тұрғызуларың керек», – деді облыс әкімі.

Тұрғындар оған қуана келісті.

img_2432
фото: Асқар Ақтілеу

Бердібек Сапарбаев қала басшысына жер беру процесін тездетуді тапсырды. Өрлеу ауылындағы құлағалы тұрған үйлердің дені саманнан тұрғызылған екен. Бүгінде қабырғалары жарылып, «отырып» қалған. Бір жағынан, құжаттары да дұрыс емес.

«Әзірге, мектепке барып тұрасыздар», – деді облыс басшысы.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған