Қазақстандағы «Tethys Petroleum Limited-тің» ТетисАралГаз еншілес компаниясындағы мұнай тасымалы бойынша ақпарат

Қазіргі таңда Қазақстандағы Тетис Петролеумның еншілес компаниясы – ТетисАралГаз (оның 15.76% акциясы OLISOL-ға тиесілі) Eurasia GAS Group компаниясымен мұнай тасымалдау жөніндегі 2012 жылы 1 қаңтарда жасалған № 05-05-1814 келісіміне сәйкес орындауға міндетті шарттарды бұзып отыр. Бұл туралы «OLISOL Petroleum Limited» («Olisol» немесе «Компания») мәлімдейді. Бұл келісім құжатына сәйкес, 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ТетисАралГаз тек қана Eurasia GAS Group-қа мұнай тасымалдауы қажет.

ТетисАралГаз Аққолқа кен орнында қажетті техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты мұнай өндіру тоқтатылды деп Eurasia GAS Group компаниясына хабарлама жолдады. Бұл ТетисАралГаздың 2017 жылдың 10 қаңтардағы № 01-09-01/08 хатында көрсетілген. Сондай-ақ, жұмыстардың аяқталуы мен мұнайдың қайта өндірілуі туралы қосымша хабарланады деп ТетисАралГаз мәлімдеген еді.

Бір мезетте, ТетисАралГаз мұнай тасымалдау жөнінде Prax-AK компаниясымен келісімшартқа отырады. Осылайша, сонау 2012 жылы-ақ Eurasia GAS Group  төлеп қойған мұнай Prax-AK компаниясына сатылып отыр. Осы уақытқа дейін Prax-AK компаниясы алып отырған мұнай Атырау мұнай өңдеуші зауытына тасымалданды.

ТетисАралГаздың мүлкіне тыйым салу мен шаралар қолдану туралы Алматы қалалық экономикалық соттың 2017 жылғы 26 қаңтардағы анықтамасына сәйкес, 2017 жылдың 6 наурызынан бастап Атырау МӨЗ-ы ТетисАралГаздан келген мұнайды қабылдаудан бастартты. Сондай-ақ, ТетисАралГаздың мұнай өнімдерін зауытқа түсіруге де рұқсат етілмеді.

2017 жылы 9 наурызда сот қаулы шығарды – ТетисАралГаздың шағымы қанағатсыз қалдырылды. Бұдан бөлек, 2017 жылдың 26 наурыздағы сот қаулысы өзгеріссіз қалды. Осылайша, қазіргі уақытта ТетисАралГаздың жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды және ТетисАралГаз компаниясы кен орнында жер қойнауын пайдалану құқығынан айыруға бағытталған әрекет жасай алмайды.

Компания Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарын хабардар етеді: 2012 жылдың келісімшартына сәйкес, ТетисАралГаз өндіріп отырған мұнай 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін тек қана Eurasia GAS Group-қа тасымалдануы қажет.

Olisol компаниясы жайында

2016 жылы 30 қарашада Olisol компаниясы Tethys Petroleum-ның 15,76% акциясын иемденді және Tethys Petroleum-дағы өз үлесін 42%-ға дейін ұлғайту керек еді.

2016 жылы 30 қарашада Тетис Петролеумның Директорлар Кеңесі құзыретті орган, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің рұқсатынсыз Prax PTE LTD және Jin Guang LTD компанияларына акцияларын беріп қойды, сонысымен Tethys-тегі Olisol-дың акциялары заңсыз таратылды.

ТетисАралГаз тарапынан мұнай тасымалдау бұзылған соң, Eurasia GAS Group мұнай тасымалдауға төленген қаражат пен 22 988 731 АҚШ доллар көлеміндегі шығынды қайтару туралы талабын қойды. Бұдан басқа, Olisol 5 916 091,95 АҚШ доллар көлеміндегі жұмыс қорына жұмсалған сомманы пайызбен қайтаруды талап етуде. 2016 жылы 31 тамызда жұмыс қоры қайтарылуы тиіс еді.

Olisol және оның еншілес компаниялары Ресей мен Қазақстандағы энергетикалық пен мұнайгаз операцияларына инвестиция салған. Компания Қазақстандағы Tethys компаниясымен жеті жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Компания Tethys-пен бірге Арал Мұнай Терминалын иемденуде. Сондай-ақ, компания меншігінде Tethys кен орындарынан мұнайды автокөлікпен жеткізетін мамандандырылған мұнай тасымалдаушы жеке паркі бар. Olisol компаниясында мұнай мен газ саласының жоғары білікті мамандары жұмыс істейді және компанияның штаб пәтері Алматы қаласында орналасқан.

Жауапкершіліктен бас тарту

Бұл құжатта жасалған мәлімдемелер болжамды болып есептеледі. Болжамды мәлімдемелерге Olisol немесе оның қызметкерлерінің ниетіне, пікіріне, үмітіне қатысты мәлімдемелер кіреді. Құжатта «күтіледі», «пайымдайды», «жоспарлайды», «мүмкін», «болады», «болу керек» және осыған ұқсас немесе керісінше болымсыз нұсқалары қолданылса, онда олар болжамды мәлімде туралы айтылған. Мұндай мәлімдемелер уәде немесе кепіл бола алмайды. Мәлімдемеде көрсетілген болжамдар шынайы нәтижеден алшақ болуы мүмкін.

Мұндай мәлімдеменің бір де бір бөлігі Tethys компаниясына инвестиция салуға шақырту немесе итермелеу ретінде қабылданбауы тиіс. Olisol немесе өзге кәсіпорын, Olisol акционерлері болжамды мәлімдемелерге сеніп қалмау керектігі жөнінде алдын ала ескертіледі. Листинг пен қолданыстағы заңнама ережелеріне сәйкес, Olisol болжамды мәлімдеме жасап болған соң, оны жаңарту немесе өзгерту бойынша міндеттерді өз мойнына алмайды.

Байланыс ақпараты: 

Дарья Климова
Құзырлы Өкіл,

OLISOL Petroleum Limited
Тел.: +34 64 515 08 69
d.klimova@olisol.ch

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған