Ақтөбеде ет бағасының қымбат болуына делдалдар кінәлі — Б.Сапарбаев

Бөлісіңіз

Мәртөк ауданы әкімінің есептік кездесуінде ауыл тұрғындары етті қаладағы сауда орындарына тым арзан бағаға өткізетіндіктерін айтты. Өз кезегінде, облыс басшысы барлық мәселенің делдалдарға келіп тірелетінін жасырмады.

«Егер ет бағасы қымбат болса, барлығы делдардардың кесірінен. Сіздер еттің келісін мың теңгеден өткізетін болсаңдар, арада жүрген делдалдар оны мың жарым теңгеден сатады. Базардағы, сауда маркеттеріндегі сатушылар маңдай тер төкпей-ақ 500 теңге пайда көріп қалады. Сондықтан делдалдарды алып тастау керек. Тиісті шаралар қолданамыз, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс басшысының айтуынша, мұндай жайт Ақтөбе облысында бұрыннан қалыптасқан.

«Өйткені, шаруалар мал өсіруді білгенімен оның етін сату жолдарын біле бермейді», — дейді ол.

Бекбол Құлдан, «Тілші»

You May Also Like

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели