Ақтөбеде жас ақындардың жинақтарын шығаруға кезек аға буыннан ауыспай жатыр

Бөлісіңіз

Ақтөбелік жас ақындар мен жазушылардың шығармаларының жинағы биыл шығуы мүмкін, деп хабарлайды «Тілші». Бұл жөнінде мәдениет саласының қызметкерлерімен болған кездесуінде облыс басшысы Бердібек Сапарбаев хабарлады. Әкім жас ақындар мен жазушылардың шығармаларын жинақтау жөнінде былтыр уәде бергенін жасырмады. Алайда, тапсырма сол күйі орындалмай қалды.

Өз кезегінде, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаев кітаптарын шығаруға талпыныс білдіріп отырғандар саны аз еместігін айтты. Алайда, оған қаражат тауып беру мәдениет басқармасының құзырына жатпайтынын да жеткізді.

«Автордың кітабын сатып алуға болады. Бірақ, ол мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылады. Онда да ақылдастар алқасының сүзгісінен өткен соң мүмкін болады», — деді Қанат Айтбаев.

Бұл мәселеге облыс басшысы араласты.

«Мәселе дұрыс көтеріліп отыр. Өткен жылы мәдениет және ішкі саясат басқармаларына өңірдегі жас ақын-жазушылардың тізімін, шығармаларын жинақтауды тапсырған болатынмын. Редакция алқасы құрылу керек. Сол кеңесте өлеңі, повесі, басқа да шығармалары талқылану керек болатын. Қаржы мәселесіне сіз алаңдамаңыз», — деді облыс әкімі Қанат Айтбаевқа.

Бердібек Сапарбаевтың пайымынша, жастардың кітаптарын ешкім шығарып бермейді.

«Олардың өлеңдерін де, әнін де, әңгімесінде ешкім шығармайды. «Түртіп қойшы, алдымен үлкендердікін шығарып алайық» деп кейінге ысыра салады», — деді облыс әкімі.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: Today.kz

You May Also Like

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели