Бердібек Сапарбаев Наурыз мейрамына дайындықты осы бастан бастап кетуді тапсырды — TilshiNews

Бердібек Сапарбаев Наурыз мейрамына дайындықты осы бастан бастап кетуді тапсырды

Облыс басшысы Ұлыстың Ұлы күнін бауырлас елдерге барып та тойлау керектігін ұсынды, деп хабарлайды «Тілші». Мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесуінде Бердібек Сапарбаев жыл басын, мәселен, Орынбор қаласында, Татарстан мен Башқұртстанда, тіпті, сонау Қарақалпақстанда тойлау керектігін де айтты.

«Ол жақтарда да біздің қандастарымыз бар. Сол өңірлерде неге Наурыз мейрамын атап өтпеске?! Бауырларымыз бір қуанып қалады ғой.  Қазақтың салт-дәстүрін көрсетуіміз керек. Татарстанда да, алғашқы астанамыз болған Орынбор қаласында да қандастарымыз аз емес. Тәуелсіздік алған жылдары қандай жетістіктерге қол жеткіздік, соны көрсете білу керек қой. Паш етуіміз керек», – деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаевтың пайымынша, Наурыз мейрамын міндетті түрде наурыз айында өткізу керек емес.

«Күн райына қарай, сәуір немесе мамыр айында да тойлауға болады. Тек үш-төрт адам жіберіп өткіздік деп есеп беруге болмайды. Барлық салт-дәстүрімізді, тарихымызды көрсетейік», – деді облыс басшысы.

Айта кетейік, өткен жылы Ақтөбеде Ұлыстың ұлы күні алғаш рет бір апта бұрын тойлана бастады.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

1 Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған