«Егер мен әкім болсам…» байқауына! Серік Әбдіжәмидің ұсыныстары

«Тілші» интернет-газеті жариялаған байқауға өз тарапымнан ұсынысымды жариялауды жөн деп таптым.

«Әкім бол!
Әкім болсаң – халқыңа жақын бол!» деп дана халқым айтқандай, егер мен әкім болсам, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін нақты іс-әрекеттермен шұғылданған болар едім.  Бірақ, ол үшін билік тарапынан мемлекеттік дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.

1. Ауылдың коммуналдық инфраструкциясын қалыпқа келтіру керек.
Олар: жол, газ, ауыз су. Егер, ауылда осы проблемалар шешілсе, жаңадан құрылыстар жүргізіледі. Монша, дүкен, дәмханалар, мәдениет үйі.

2. Ауылдық жерден жұмыс көзін ұйымдастыру керек. Мысалы, вахталық әдіспен ауылшаруашылық фермаларын құруға болады. Қаладан жұмыс таппай сенделіп жүрген жастар, ауылға вахталық әдістегі мал фермаларына барып, бір ай жұмыс істеп, табысын тапса деймін. Шаруашылықтар жартылай жеке, жартылай мемлекеттік меншікте болуы керек. Сол кезде «консенсус» болады.

3. Көкөністер мен жеміс-жидектерді өсіру ісін де осындай тәсілмен жолға қоюға болады. Осы кезде, азық-түлік-тауарлары мен киім-кешек арзандайды және халықтың тұрмыстық тауқыметі күрт жеңілдейтін болады.

4. Мемлекеттік бағдарлама бойынша қазба байлықтан түсетін барлық қаражатты ауыл шаруашылығын ұйымдастыруға жұмсау керек. Ұн тартатын диірмен, сүт өңдейтін шағын цехтар, жүн-жұрқа, тері-терсек, сүйек-саяқ жинайтын, оны өңдейтін орталықтар ашылса, экологиялық талаптарды да орындауға мүмкіндіктер туар еді.

Серік Әбдіжәми,
Ақтөбе қаласының тұрғыны

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған