Ақтөбелік палуан Республикалық турнирде топ жарды

Қарағанды қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровті еске алуға арналған турнир аяқталды.

14-16 қыркүйек аралығында өткен жарысқа еліміздің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларынан 300-ге тарта палуан қатысты. 8 салмақ дәрежесі бойынша 32 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Турнир жеңімпаздары ҚР спорт шебері атағына ие болды.

Еркін күресте 61 келіде Ақтөбе облысының намысын қорғаған Бек Жақсылықов барлық қарсыласының жауырынын жерге қаратып, турнир жеңімпазы атанды. Ол финалда павлодарлық спортшы Рифат Сайботаловты 11:1 есебімен айқын ұтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған