Мектеп асханасы Ноғаевқа балаларға тегін берілетін ас мәзірін көрсетті

Бөлісіңіз

Бүгін, 1 қыркүйекте Атырау қаласындағы дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназияда алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтті. Шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Аймақ басшысы жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, оқуда табыс тіледі.

 “Ата-аналар, ұстаздар, үміттерің ақталсын. Балаларыңыз, оқушыларыңыз озат болып, елге қызмет ететін үлкен азамат болып өссін. Біз бұл үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Елбасының тапсырмасымен облыста жаңа мектептер, спорттық кешендер, түрлі әлеуметтік нысандар салынуда. Биыл 35 білім ордасын күрделі жөндеуден өткіздік. Жаңа 2 мектеп іске қосылды. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйемен орындап келе жатырмыз. Осы үрдісті жалғастыра береміз. Себебі елдің болашағы мен үміті – осы жастар”, – деді аймақ басшысы.

 Салтанатты шарадан соң Нұрлан Ноғаев мектеп-гимназияны аралап, оқу ордасының материалдық-техникалық базасымен танысты. Оқушылармен тілдесіп, оқу процесі туралы пікірін білді. Мектеп асханасы, облыс әкіміне оқушыларға тегін берілетін ас мәзірін де көрсетті.

 Айта кетелік, бұған дейін Нұрлан Ноғаев бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етуді тапсырып, бұл мақсатқа 1 миллиард теңге бөлген еді. Осылайша облыстағы 50 мыңға жуық бастауыш сынып оқушысы асына ақша жұмсамайды.

 Аймақтағы мектептердің материалдық-техникалық базасының да байып келе жатқанын айта кетелік. Биыл білім ордаларына 48 химия кабинеті, 2000 мыңға жуық тақта, 20 мыңнан астам парта, 3 мыңнан астам компьютер алынды.

 2016-2017 оқу жылын Атырау облысында 110 мың оқушы бастап отыр. Олардың 15 мыңға жуығы мектеп табалдырығын алғаш аттағандар.

Еркебұлан Сатқанбай, Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі,

 

You May Also Like

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели