
Әлем бойынша балалардың өлім-жітімі соңғы 25 жыл ішінде екі есеге азайған. Бұл туралы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының баяндамасында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес, биыл балалар өлімінің саны алғаш рет алты миллионнан төмен түседі.
Дегенмен БҰҰ жаһандық мақстына әлі де қой жеткізе алмай келеді: аталған ұйым өлім-жітім ширек ғасырда 2/3-ке азаяды деп топшылаған.
Бұған қоса, әлемдегі 195 елдің тек 62-сі ғана бұл бағытта 15 жыл бұрын алға қойған мақсаттарына қол жеткізді.
ЮНИСЕФ мәліметінше, жыл сайын бес жасқа дейінгі 16 мыңға жуық бала қайтыс болады екен.