Түркия Ирак шекарасына жаяу әскерін жіберді

9 қыркүйек. Tilshi.kz  –  Түркия 2011 жылдан бері алғаш рет Иракпен шектесетін аймақтарға жаяу әскерін жіберді, деп хабарлайды «Азаттық».

Анкараның мәлімдеуінше, түркиялық сарбаздар күрд жасақтарының ізін кесуге жіберілген. Соңғы уақытта күрд жасақтары шабуылынан 31 түркиялық полицей мерт болғаны хабарланған.

Түркияның Anatolia үкіметтік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 150-ден астам түрік сарбазы Ирак шекарасы маңына жеткізілген. Олардың міндеті – полицейлерге шабуыл жасаған күрд жасақтарының көзін жою.

Түркия билігінің мәлімдеуінше, елдің әскери ұшақтары қызметіне тыйым салынған «Күрд жұмысшы партиясының» позициясына әуе шабуылын жалғастыра береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған