Кишиневте мыңдаған адам жемқорлыққа қарсы шеруге шықты

Молдова астанасы Кишинев қаласында биліктегі коррупцияға қарсы шеру өтіп жатыр. Шараны ұйымдастырушы «Ар-намыс және әділеттілік» қозғалысының өкілдері Ұлы Ұлттық жиналыс алаңында өтіп жатқан наразылық жиынына қатысушы адам саны 100 мыңға жуық деп хабарлады.

Митингке шыққандар елдегі үш коммерциялық банктен қамтамасыз етілмеген несиелер ретінде алынған миллиард еуроны қайтаруды, Ұлттық банк, бас прокуратура, Коррупцияға қарсы комитет, Жоғарғы сот палатасы жетекшілерін отставкаға жіберуді, мемлекеттік институттарды реформалауды, сонымен бірге елде сөз бостандығын қамтамасыз етуді талап етіп жатыр.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, билік бүгін Кишиневтің орталығында тегін концерт ұйымдастырып, митингті өткізуге бөгет жасамақ болған. Бірақ, артистердің көпшілігі концертке қатысудан бас тартқан.

Бұған дейін «Ар-намыс және әділеттілік» қозғалысы мамырдың 3-і күні Кишиневте ұйымдастырған қарсылық шеруіне отыз мыңға жуық адам шыққан еді.

«Азаттық»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған