Кадрлар тапшылығынан әкімдердің орындары ғана ауысты

Ақтөбе облысында кадрлар тапшылығынан аудан әкімдерінің орындары ғана ауысып жатыр. Соңғы күндері алты аудан басшысы тағайындалды.

Өз кезегінде қала басшысын тағайындап жатып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кадрлар тапшылығын атап өтті.

Үміткерлерді іріктеу кезінде кадрлар тапшылығы қатты сезілді. А корпусында резервте адам жоқ. Сондықтан, әкімдердің орындарын ауыстырдық. Оларға кезекті рет сенім артып отырмыз. Сенімімізді ақтайтын болар,  –  деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кету керек, әлеуметтік желі пайдаланушылары «қосылғыштардың орны өзгергенімен, қосынды өзгермейді» деген сарында реніштерін білдіріп жатыр. Бір ауданның әкімі екінші ауданға кетті, оның орнына көрші әкім келіп жайғасты, дейді интернет пайдаланушылар.

Марат Төлепберген, Ақтөбе

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған