ҚОСЫМША ТЕХНИКАЛАР ТАРТЫЛДЫ

Бөлісіңіз

Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаетың тапсырмасымен дер кезінде қар тазалау жөніндегі шұғыл штаб құрылғаны мәлім. Енді бұл жұмысқа жеке кәсіпорындардың да техникалары тартылып жатыр. Өңір басшысы кеше коммуналдық қызмет және мердігер ұйымдармен бірге кәсіпкерлер тарапынан бөлінген арнаулы техникалар қар тазалап жатқан учаскелерде болып, жұмыс барысын қадағалады.

Қазір Ақтөбеде қар тазалаумен 15 мекеме айналысып жатыр. Бұдан басқа құрылыс және мұнай компанияларының 15 тиегіші мен 40 самосвалы жұмысқа кірісіп кетті. Көктемгі су тасқынының алдын-алу жұмыстарына көмек беру жөніндегі жергілікті биліктің ұсынысын «АктобеНефтеГаз», «Ақпан», «Солерс», «Байлы», «АктобеКапРемСтрой», «КазПромСтройГрупп», «Алихан Ойл», «Ұлы компаниясы», «Бабэкқұрылыс», «АктобеАгроСервис», «ҚазтрансОйл» «Интер Стиль», «АгроФирмаКоквест» ЖШС-лары және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы секілді кєсіпорындар көп алып отыр.
«ЗапКазСтройИнвест» ЖШС-ның техникалары Құрмыш, Москва, ГМЗ, Шанхай сияқты аудандары қардан тазалап жатыр. Қазір олар Тимирязев, Мебельная, Ударная кµшелерін қардан толық тазартып болды. Облыс орталығындағы тағы он көше тазартылып жатыр.
Ақтөбе облысында қыс басталғаннан бүгінге дейін орташа көпжылдық мөлшерден 4 есе көп қар түскенін еске саламыз. Мамандардың айтуынша, бұндай жағдай соңғы он жылда бірінші рет болып отыр. Осындай қиын жағдайда өңір басшылығы облыс елдімекендерін су тасқынынан қорғау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатыр. Әсіресе облыс орталығындағы тұрғын үй массивтеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.
Қазір Ақтөбе қаласын қардан тазарту үшін тәулігне 100-ден аса техника жұмылдырылып отыр. Олар бүгінге дейін 370 текшеметр қар шығарды. Оның арасында көшелердегі суды сорып алып жатқан 110 су тасушы көлік бар.

«Ақтөбе-ақпарат»

You May Also Like

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели