Алматыда келіншек екі баласын 5-ші қабаттан лақтырып, кейін өзі де секірген — TilshiNews

Алматыда келіншек екі баласын 5-ші қабаттан лақтырып, кейін өзі де секірген

Алматыда адам түршігерлік қайғылы оқиға орын алды.

Бостандық ауданында екі  баланың анасы  екі баласын  5-ші қабаттан  лақтырып, кейін өзі  де секірген.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне сенімді дереккөз хабарлады.

Келіншектің 1982 жылғы екені анықталды. Бүгінде ол ауыр халде ауруханада жатыр.

Ал 5 жастағы Аиша оқиға орнында көз жұмды. 1,5 жарым жастағы  Саясаттың өмірі үшін дәрігерлер күресуде.

Әзірге келіншектің неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Дереккөз: NUR.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған