Ақтөбе облысы аумағында соңғы 5 жылда ғұн дәуірінің 400-ге жуық ескерткіші табылды — TilshiNews

Ақтөбе облысы аумағында соңғы 5 жылда ғұн дәуірінің 400-ге жуық ескерткіші табылды

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ақтөбе облысының мәдени-тарихи мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту мен насихаттаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды «Тілші» музейдің менеджері Сағымбек Ұлықпанға сілтеме жасап.

Отандық және шетелдік жетекші археолог ғалымдардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел мақсаты — археологиялық, этнографиялық кешенді зерттеулерді жүргізу, ғылыми зертханалармен байланыс орнатып, өңірде ғылымды дамыту мәселелерін талқылау.

Сонымен бірге, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тікелей қолдауымен қабылданған 2023-2025 жылдарға арналған Ақтөбе өлкесінің мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту мен насихаттаудың Жол картасының өзектілігі мен маңыздылығын ашып көрсету.

Ералы Тоғжанов соңғы жылдары жүйелі жүргізілген ізденіс жұмыстарының нәтижесінде облыс территориясында түрлі тарихи, яғни ерте тас дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге жататын еліміздің баға жетпес құндылығы болып табылатын мыңдаған тарихи-мәдени мұрамыздың шоғырланғандығын айтты.

Аймақ басшысы соңғы 5 жылдың өзінде Темір, Ойыл, Қобда, Әйтеке би аудандары бойынша ғұн дәуірінің 400-ге жуық ескерткіші табылғанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта ғұн дәуірін жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмыстары кешенді түрде жүргізіліп, оған қолдау көрсетілетіндігін атап өтті.

Өз кезегінде ғалымдар өңірдің археологиялық ескерткіштерін жан-жақты зерттеу, облыс аумағында соңғы жылдары көптеп табылған ғұн тайпаларының ескерткіштерінде көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша кезек күттірмейтін өзекті міндеттерді жүзеге асыру мәселелерін талқылап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *