Көктайғаққа себілетін қоспалардың сапасы тексерілді — TilshiNews

Көктайғаққа себілетін қоспалардың сапасы тексерілді

Ақтөбе облысындағы республикалық маңызға ие жолдардың қысқы күтімінің қалай атқарылып жатқанын бақылау «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалына жүктелген. Бұл мекеменің мамандары тексеруге шығып, тек трассаның ғана емес, жол бойындағы аялдама мен бұрылыстардың да уақытылы қардан, мұздан тазартылуын қадағалайды. Олқылықтар анықталса, мердігер компанияларға ескертіп отыруға міндетті. Одан бөлек тайғаққа қарсы қоспаның сапасын орталықтың зертханасында тексереді.

«Жыл басталғалы жиырма күн ішінде тайғаққа қарсы республикалық маңызға ие жолдарға себілген құм қоспаларынан 13 сынама алдық. Соның үшеуі талапқа сай емес болып шықты. Ақтөбе-Атырау бағатындағы жолдардың 225-242 шақырым аралығында, Самара-шымкент трассасының Орал-Ақтөбе-қызылорда бағытындағы 526-710 шақырым аралығында, Қандағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз бағытындағы жолдың 0-401 шақырым аралығына себілген құм тым ұсақ. Тайғаққа себілетін қоспа құрамы ірі болуы керек. Сондықтан сол жолдардың қысқы күтіміне жауапты мекемелерге ескерту жолдадық», – дейді Ақтөбе облыстық «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының зертхана меңгерушісі Рафис Зинетов.

Қыс маусымында жол құрылысы тоқтап тұрғанымен жолшы мамандардардың жұмысы бір сәтке де дамылдаған емес.

«Көлік қатынасы мезгіл, тәулік талғамайды. Сондықтан қыста керсінше жол күтіміне қатысты бақылауды күшейтеміз. Бораннан соң жолдың уақытылы аршылуы, тайғаққа қарсы трассаның тазартылуы мен жол белгілерінің жөнді тұруы да үнемі қадағалауды қажет етеді. Мұның бәрі жол қауіпсіздігіне тікелей қатысты», – дейді Рафис Зинетов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған