Тәжікстан билігі 25 әскеридің өлтірілгенін жоққа шығарды — TilshiNews

Тәжікстан билігі 25 әскеридің өлтірілгенін жоққа шығарды

Тәжікстан қорғансы министрлігі БАҚ-тарда жарияланған министрдің бұрынғы орынбасарының 25 әскери қызметкерді өлтірілгенін жоққа шығарды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Ведомство баспасөз қызметінің жетекшісі Фаридун Махмадалиевтің айтуынша, бұл ешқандай шындыққа сәйкес келмейді. «Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Халим Назарзода басқаратын қарулы топтың террорлық әрекеттері барысында әскери қызметкерлер сапынан ешкім зардап шеккен жоқ», — деп анықтап өтті баспасөз қызметінің жетекшісі.

«Бүгін Тәжікстан құқық қорғау құрылымдары жүргізіп жатқан арнайы операцияға «скери қызметкерлер қатысқан жоқ», — деді ол. Мәлім болғандай, президент орнынан алып тастаған Абдухалим Назарзода Вахдат және Душанбе қалаларында милиция қызметкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасаған террорлық тапты басқарған. Атыс кезінде сегіз милиционер оққа ұшқан. Қарақшылар тобының мүшелері Душанбенің шығысындағы 40 шақырым жердегі Рамит шатқалына қашып, сіңіп кеткен. Қазір осы аумақ түгел қоршауға алынған. Тобырды біржола құртып жіберудің жолдары қарастырылып жатыр.

Baq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *