Қытай билігі бір тәулікте 32 мыңға жуық адамға COVID-19 жұққанын хабарлады — TilshiNews

Қытай билігі бір тәулікте 32 мыңға жуық адамға COVID-19 жұққанын хабарлады

Қытай билігі бір тәулікте 31,7 мыңға жуық адамға коронавирус жұққанын хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігі Қытайдың денсаулық сақтау және тазалық мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасай отырып жазды.

Вирус жұқтырғаны анықталған адамдардың 87 пайызында ауру белгісі байқалмаған. 23 қарашада Қытайда бір науқас COVID-19-дан қайтыс болған. Елде коронавирустан өлгендер 5 232-ге жетті.

Бұған дейін COVID-19-дың таралуына қатысты ең жоғарғы көрсеткіш 14 сәуірде тіркелген. Сол күні 29 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталған.

23 қарашадағы дерек бойынша, Қытайда 19 мың коронавирус ошағы анықталды. Жарты жыл бұрын 56 ғана болған.

Елде вирустың таралуын бақылауда ұстау қиындап барады. Статистикаға сәйкес, науқастардың 90 пайызында кесел белгілері білінбейді.

ҚХР билігі COVID-19-ға қатысты қатаң саясат ұстанып отыр2022 жылы Шанхайда локдаун жарияланып, қала тұрғындары бірнеше апта бойы пәтерден шықпай отырды.

COVID-19 індеті үш жыл бұрын басталды. Коронавирус індет деп танылғалы бері әлемде 650 миллион адам осы ауруға шалдықты, алты жарым миллионнан астам науқас қайтыс болды.

COVID-19 ең алғаш таралған Қытайда 288,5 миллион адам вирус жұқтырды, бес мыңнан астам науқас қайтыс болды. ДДСҰ мәліметінше, ҚХР-да COVID-19 жұқтырғандар саны тамызда көбейе бастаған. Жақында мамыр айынан бері алғаш рет бір науқас осы кеселден көз жұмды.

«Азаттық»

фото: РБК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған