"Тағы да соңындамыз": облыс әкімдері рейтингінде Оңдасын Оразалин 16 орында — TilshiNews

«Тағы да соңындамыз»: облыс әкімдері рейтингінде Оңдасын Оразалин 16 орында

Рейтингті Toppress командасы әзірлеген.

«12 жасар баланы иттер талап тастағанда облыс тұрғындары Оңдасын Оразалиннің отставкасын талап еткен болатын. Әкім кінәсін ішінара мойындағанымен, орнын босатуға асығар емес», — деп жазады рейтинг әзірлеген Toppress тобы.

Рейтинг түзушілердің пайымынша, Оразалиннің рейтингі әлі де төменгі орында. Және алдағы уақытта жақсарып кетуі неғайбыл. Жалпы, Ақтөбе облысы әкімі рейтингке сенбейді, оның пайымынша, жұмысты сараптама орталықтары емес, халық та емес, мемлекеттік органдар бағалайды.

Рейтинг әзірлеушілер өңірдегі жағымсыз иісті де алға тартады. Облыс жолдары да назардан тыс қалмаған. Мысалы, 41 разъездегі жол «жыры» төрт жылға созылған.

Рейтингте Ақтөбе облысынан шыққан Нұрлан Ноғаев (Маңғыстау облысы әкімі) пен Архимед Мұхамбетов (Қостанай облысы басшысы) көш бастап тұр.

«Тілші-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *