Заман талабы: мамандық таңдауда қателеспес үшін коучтерге жүгіну сәнге айналды — TilshiNews

Заман талабы: мамандық таңдауда қателеспес үшін коучтерге жүгіну сәнге айналды

Қазір мектеп бітірген жас түлектер мамандық таңдауда қиналмайды. Оған дәлел соңғы екі жылда «коуч профориентолог» деген мамандардың көмегіне жүгінушілер саны артып келеді. Профориентолог деген кім? «Профориентолог» дегеніміз – «проф-кәсіп», «ориентир, бағдар беру» деген мағынаны білдіреді, яғни мамандық таңдауға көмектесетін адам.

Профориентологтың қызметі — жастарға түрлі тесттер арқылы сұхбат жүргізу, қызықты ойындар арқылы әңгімелесіп, адамның өзі де білмейтін қабілеттерін ашуға көмектесетін, ақыл кеңес айтып бағыт-бағдар беретін маман.

Профориентолог-коуч мамандар қызметінің ақысы — 10 000 теңгеден басталады. Онлайн форматта да, офлайн форматта да кеңес алуға болады. Офлайн форматындағы көп профориентологтар Алматы және Нұрсұлтан қаласында.

Профориентолог қызметін ұсынып жүрген 23 жастағы Әйгерім ханым келесідей кеңестер береді.

Жас түлек, егер мүмкіндік болса, мектептен соң 1 жыл уақытын түрлі курстарға барып, асықпай өзін тануға ұмтылу керек, мамандық таңдауға асықпаған жөн.

Тағы бір кеңес:

Кішкентай әдеттерді қалыптастыру, әдеттерді дәптерге жазу. Мысалы, «ерте тұрдым», «спортпен айналыстым» деген сияқты жазбалар. Кішкентай әдеттерді жазу арқылы адам нақты өзіне не керек екенін білетін сенімді адамға айналады.

Сонымен бірге:

Жас түлек өзінен мін іздей бермей, айналағы 5 адамнан өзі туралы айтуын сұрасын, кемшіліктер емес, артықшылықтарыңызды айтуын сұрап, ескеру керек екен.

Себебі, барлық адамда міндетті түрде бір супер күш болады.

Сонымен қоса, көп тәжірибе өту керек, түрлі жұмыс жасай беруі керек, жаңа ақпарат, жаңа жұмыстан қашпау керек.

Профориентолог маманның онлайн түрдегі көмегіне жүгінген Қ. Жұбанов университетінің 1-курс студенті, болашақ филолог Уахитова Хадиша мамандық таңдауға 10 кластан бастап ойланған. Хадишаны дизайнер саласы қызықтырған, медицина саласына да барғысы келген, мұғалім де болғысы келген. Соңында коуч маманның кеңесі мен анасының ақылын тыңдап ұстаздық жолды таңдаған.

Профориентолог Хадишаның бойындағы таланты — суырып салма ақындық қасиетін, әсерлі шығармалар жаза алатын қабілетін бірден байқап, тіл маманы болуға кеңес берген.

Меруерт Еділбайқызы, Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы

«Азаматтық журналистер желісі» жобасы Internews MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі Агенттіктің (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *