"Урологқа жиі қаралған дұрыс": Ақтөбеде ерлер дәрігеріне жолығатындар қатары артып келеді — TilshiNews

«Урологқа жиі қаралған дұрыс»: Ақтөбеде ерлер дәрігеріне жолығатындар қатары артып келеді

Ақтөбеде ерлер дәрігеріне жүгінетін азаматтар саны арта бастады. Денсаулығы сыр беріп, урологқа жүгінушілер қатары көбейіп келеді. Ер адамдардың 51 пайызы зәр шығаруға қиналып, түрлі аурулар жұқтырған.

«Ақтөбеде маған кеңес алу үшін жүгінген ерлердің 47 пайызы несепағардың түрлі дәрежедегі бұзылуынан зардап шеккендер. Пациенттердің жасы – 16-83 аралығында. Туылғаннан 16 жасқа дейінгі науқастар бар екенін білемін. Көріп отырғанымыздай, көптеген адамдарда жасына қарамастан зәр шығару бұзылыстары болуы мүмкін», – дейді уролог–дәрігер Алексей Белышев.

Дәрігер ер азаматтардың фимоз, цистит, жыныс мүшелерінің жарақаты, зәр шығара алмау, т.б. дерттерге жиі шалдығатынын жеткізді.

«18 жастан 55 жасқа дейінгі ер адамдар туралы айтқым келіп отыр. Ақтөбеде мұндай пациент шамамен 51 пайыз. Қазірдің өзінде жарақаттар, жыныстық инфекциялар, простатиттер, генитурарлы органдардың ісік процестері секілді себептер бар. 55 жастан асқан ер адамдарда себептер бірдей болуы мүмкін, бірақ жасқа байланысты өзгерістер, қатерлі ісіктер басым болады. Зәр шығару проблемалары көбінесе жасы келген қарттарда басым», – дейді дәрігер.

Дәрігер өз денсаулығыңызға селқос қарамай, урологқа жиі барып тұруға кеңес береді. Сондай-ақ, ерлердің белсенді болуы үшін дене тәрбиесі мен тұрақты жыныстық қатынас та өте маңызды.

Асыланбек Қолжанов, «Тілші» үшін

3 Comments

  1. Өзімде сондай жағдай болды, әйелім кінәлі ма деп жүрсем, ақау өзімнен шықты. Содан курс лечение алып, 1 жылдан кейін балалы болдық. Жігіттер қысылмай барыңдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған