Жас спортшы Досжан Асылжан: Мотивацияны айналадағы адамдардың маған деген сенімінен аламын

Жас спортшы Досжан Асылжанның қолынан келмейтіні жоқ. Бос уақытын тиімді пайдалануға тырысады. Əсіресе, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданғанды жаны сүйеді.

«Спорт»

Ақтөбе облысы Пригород ауылында туып өстім. Қазіргі таңда Есет батыр атындағы спорт мектебінде оқимын. Спортпен бала кезден айналысып келемін. 9 жылдық тəжірибем бар.

«Сүйікті ісім – спортпен айналысу»

Алғашқыда спорттың таэквондо түрімен айналыстым. Содан соң күрестің грек-рим түрімен айналыса бастадым. Қазірде жетістіктерім өте көп. Соның бірі – ТМД кубогі чемпионатында чемпион атанғаным. Бұл менің ең үлкен жетістіктерімнің бірі деп білемін. Əлі де талай асуларды бағындыратыныма кəміл сенемін.

«Мотивация сыйлайтын жандар бар»

Мотивацияны әрдайым айналадағы адамдардың маған деген сенімінен аламын. Бір зат жасағанда қолдау көрсеткен ата-анам, бауырларым және достарым бар. Үнемі бір дүние жасасам, қолдау көрсетіп, шабыттандырады.  Сондай-ақ спортпен айналысуыма ата-анам мүлдем қарсы  болмады. Керісінше, таңдауымды барынша қолдады. Сонымен қатар менің кумирім Мейрамбек Айнағұлов. Сол кісіден шабыт аламын.

«Спорт менің ой өрісімді өзгертті»

Жалпы спорт сабырлылықты талап ететін дүние. Сол себепті спортпен айналыса бастаған соң менің ой өрісім, ойлау қабілетім арта түсті. Сондай-ақ, тек ой өрісім өзгеріп қана қоймай, дене бітімім де, денсаулығым мен психологиям да өзгерді.

«Менің хоббиім»

Спорттан өзге менің музыкаға деген қызығушылығым бар. Бос уақытымда музыка тыңдап сергіп аламын. Сондай-ақ спортпен шұғылдану барысында ойым бөлінуі үшін музыка тыңдаймын. Музыканың жанрын көңіл-күйіме байланысты таңдаймын.

Райхан Қайрат, 8А сынып оқушысы

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған