
Соңғы кездері жастар арасында тақия кию сәнге айналған. Бұл нені білдіреді? Ұмыт бола бастаған қазақтың ұлттық нақыштағы бас киімдерін қайта жаңғыртып, халықтың назарын аудару ма, әлде ұлттық бренд қалыптастыру ма? Азаматтық журналистика мектебінің қатысушысы Ақмарал Мұқашева осы төңірегінде қолөнер маманның пікірін білген еді.
«Пандемия уақытында тігін тігуді бастап кеттім. Қол қусырып отырмау мақсатында қолөнермен айналыстым. Қыз жасауын әзірлеуден бастап, әртүрлі сәндік бұйымдарға тапсырыс қабылдадым. Ал, қазіргі уақытта тақияға сұраныс жоғары болып тұр. Оның себебі, жастардың ұлттық брендке деген қызығушылығы деп санаймын», — дейді қолөнер шебері Алмагүл Отаралина.
Ерекше сәнге айналған тақия кию үрдісі 1-2 ай шамасында белең алды.
Қазақ қызына сән берген тақия өткеннен мұра болып қалған ұлттық нақыштағы киімдердің қайта сұранысқа ие болуына өз септігін тигізген секілді. Тек Наурыз мейрамында ғана киіп, одан соң қазақ екенімізді ұмытып, шетелдің жыртық-жыртық сән үлгідегі киімін киюге әуеспіз. Өзге ұлттың киімдерін жарнамалағанша, өз ұлтымыздың мәртебесін асқақтатқанға не жетсін! Әрине, талғам мен таңдауда шектеу жоқ.
Жуырда ғана белгілі журналист Қанат Әуесбай бір сұхбатында «мен ұлттық киімге қатты қызығамын. Бірақ, осындай трендтегі қазақи киімдердің бағасы өте жоғары, қалта көтермейді. Сәнгер мамандар тек байларға ғана арнайы тапсырыспен қалаған киімін, ұлттық нақыштағы саптама етігіне дейін тігіп береді» деген болатын.
Расында, қарапайым халық тек Наурыз мейрамында ғана ұлттық киімді уақытша жалға алып, той-томалаққа, Наурыз думанға, Love story түсіруге ғана киетін секілді. Өз басым әлем жұлдызы Димаш Құдайбергеннің брендімен шыққан ұлттық өрнегі бар киімдерді ұнатамын. Алайда, «Алтай» сауда орталығында орналасқан бутик қазіргі таңда өз жұмысын тоқтатқан секілді.
Тақияға келер болсақ, бағасы қолжетімді. Сондықтан, мерекені күтпей-ақ кез келген уақытта қазақы стильді брендке айналдырып, шетелдік нарыққа шығарып, трендке айналдыруға болады.
Ақмарал Мұқашева, «Тілші»
«Азаматтық журналистер желісі» жобасы Internews MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі Агенттіктің (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады
Өте керемет қолыңыз дер көрмесің қазақтың әр түрлі нақыштағы қол өнерлерін дамыта беріңіз .
Ұлттық нақыштағы қол өнерді дамыта бер. Қолыңа дерт бермесін.Еңбегіңнің жемісін көре бер.
Фариза апамыздың “Заман жаңа,түр жаңа,киім жаңа,кінәлама ерсі деп мұнымды ана” деп айтқандай тақия киюден неге арланамыз?!Қазақтың ұлы тұлғалары тақия киіп жүрген.Мысалы:Абай атамыз…Қыздарымызға да сондай ұлылықты тілеймін!!Істеріңе береке беріп,қазақтың таиялы қыздарын көбейтіңіздер!!
Алмагүл, шеберлігің -Алланың берген сыйы.Ұлтымыздың құндылығын жаңғыртуға қосып жатқан үлесің мақтауға тұрарлық.Өнерің өрлей берсін.Қолың дерт көрмесін!
Алмуша аққұрдас! Шеберлігің шыңдала берсін! Биіктерден көріне бер! Қазақ өнерінің төрінен ойып тұрып өз орныңды иелен! Атың әлемге танылсын! Сен үшін қуаныштымын! 🌹🌹🌹
Алмагүл, жарайсың! Ұлттық өнерді ұлыктап, жандандырып жургеніңе қуаныштымын. Биіктен көріне бер! Шығармашылық табыс тілеймін!
шығармашылык жазып елге танытып қазақый нақыштағы киім үлгілерін өзіміз киіп бастайык.бәрекелді шығармашылығыңыз арта берсін.қаламыңыз ұштала берсін Ақмарал қыз.
Керемет
Оң болсын.
Қазақ қызы осындай
Бірі апа,бірі сіңілі
Бір шебер тігінші
Бірі журналист болашақ
Бағындырар биікті.
Ақылдым мен Алмушайым СУПЕР
Ақылына көркі сай,
Ақылдым біздің
Нағыз жанашыр
Ұлттық дәстүрді дәріптеп
Шабыттана көсілді.
Арқау болған жазбаға
Тегін емес Алмагүл
Хит тақия тігеді
Брендтегі ең үздік.