«Әлеуметтік жобаларды қалай дайындайды?»: Ақтөбе белсенділеріне арналған тренингтер басталды

Ақтөбеде ҮЕҰ және белсенді азаматтарға арналған «Жоба өтінімін жасау» тақырыбымен екі күндік семинар-тренинг басталды. Шараға Ақтөбе қаласы мен аудандардан барлығы 20-дан астам адам қатысуға келген, деп хабарлайды «Тілші».

Маңғыстау облысы Азаматтық альянсының Президенті Жібек Ахметованың айтуынша, азаматтық қоғам өкілдеріне әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін көп мүмкіндік бар.

«Алайда, фандрейзинг, қаржы көздерін табу – көптеген ҮЕҰ өкілдерін алаңдатып отырған сауал. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында біздің ұйым Еуропалық Одақтың қолдауымен «Жоба өтінімін жасау» жобасын Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында өткізіп отырмыз», – дейді Жібек Ахметова.

Айта кетейік, Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы өткен айда Ақтөбеде «Қоғамдық қатысу – Батыс Қазақстан» жобасы аясында адам құқықтары, бюджеттік мониторинг және ақпараттық кампания бойынша 80 адамға үш күндік тренингтер сериясын өткізген болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған