"Тілшінің" кезекті жобасы: Азаматтық журналистер мектебіне іріктеу басталды — TilshiNews

«Тілшінің» кезекті жобасы: Азаматтық журналистер мектебіне іріктеу басталды

«Тілші» сайты Internews Kazakhstan-ның қолдауымен Азаматтық журналистер мектебі жобасы басталғанын хабарлайды.

Жоба аясында ақпарат іздеу жолдары, ақпаратқа қол жеткізу, фото және видео түсіру, ақпарат беру форматтары, т.б. тақырыптарға вебинарлар ұйымдастырылады.

Іріктеуден өткен талапкерлер жоба аясында 6 ай көлемінде менторлардың көмегімен «Тілші» сайтына түрлі форматта материалдар әзірлейді (сапалы материалдарға қаламақы қарастырылған).

Егер сіз қоғамда болып жатқан жайттарға бей-жай қарай алмасаңыз, мағыналы контент жасағыңыз келсе, біздің жобаға өтініш қалдырыңыз!

Өтініш 7 наурыз сағат 18-00-ге (Алматы уақытымен) дейін қабылданады.

Ескерту: жобаға журналистер мен журналистика факультетінің студенттері қатыса алмайды! 

 

3 Comments

  1. Саламатсыздар ма! Бұл жақсы жоба екен. Өзі жастармен 8 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Әрине, жанашылдық пен заман талабына сай өзгерісті қазіргі жастар қалайды. Бұл жобага қатысып менда біраз тәжірибе жинақтасам дим.

    1. Қайырлы күн! Өтініш толтырсаңыз болады, іріктеу комиссиясы жауабын айтады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *