Гүлжайнар Қалдина электронды, аудио кітаптарға қарағанда қағаз кітапқа басымдық беретінін айтады

Гүлжайнар Қалдина, кітапхана директоры:

– Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында жыл сайын үш рет, біз мемлекеттік тапсырыспен кітап алып отырамыз. Ол кітаптар міндеттір түрде оқырмандардың сұранысы бойынша.

Оқырман өз көкейіндегі сұрағына жауабын таба алмаса, міндетті түрде журналға жазып кетеді. Сол журналдағы кітаптарды тапсырысқа беріп отырамыз. Қазіргі кезеңдегі кітаптардың сапасы жөнінде айтар болсам, әдемі, бояуы анық және әріптері ірі көлемді жазылған. Қағаздары ашық түсті. Сапалы кітаптар өте көп.

Мемлекеттік тапсырыспен келіп түсетін қазіргі кезеңде психологиялық, мотивациялық үлгідегі кітаптар үлкен сұранысқа ие. Өйткені жасөспірімдер кітапханасы болғандықтан біздегі жасөспірімдердің басым көпшілігі бүгінде сол бизнес тренерлердің мотивациялық кітаптарын көп сұрайды. Және мемлекеттік тапсырыспен жеке тұлғалардың шығарған кітаптары психологиялық бағыттағы, мотивациялық үлгідегі кітаптар жиі келіп түседі. Және оның қолдан қолға өтіп кетіп, сұранысқа ие, көптеп оқылатын кітаптар қатарында.

Жалпы біздің кітапхананың ғана емес, жалпы Қазақстанның барлық кітапханаларының басты проблемасы деп ойлаймын, оқырманның сұранысын қанағаттандыру. Өйткені қазіргі баланың да сұранысы өзгеше, үлкендердің де сұранысы өзгеше. Және таңдау да көп. Таңдау көп болғаннан қай оқырман қандай шығарманы таңдайды, дер уақытында сол шығарманы шығарып, баспадан жарық көріп, дер уақытында біздің кітапханамыздан табылып тұрса, сол біздің басты мәселеміз.

Оқырман жоқ деп айтуға болмайды. Оқырман бар. Тек біздің үкіметіміз оқырманның сұранысын дер уақытында қанағаттандырып отырса. Біріншіден, кітапты оқу ол адамның есте сақтау қабілетінің дамуына көмек береді. Біз мына электрондық үлгідегі кітаптарды оқығаннан гөрі, нағыз өзіміз табиғи қағазды қолымызға ұстап отырып, қағаздың иісін сезіне отырып оқысақ, ми, көз, құлақ бір мезгілде іске қосылады да адамның есте сақтау қабілетін қалыптастырады екен.

Ал мына аудиокітаптар, электрондық үлгідегі кітаптар сіз оны бір мезетте көресіз де дауысын естисіз, бояуын көресіз, бірақ миға сіңдіре алмайсыз. Кітапты қолға алып, иісін сезе отырып, көз алдыңызға елестетіп оқыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған