Тараз маңындағы жарылыстар: қаза тапқандардың отбасына 20 миллион теңгеден беріледі

Тараз маңындағы жарылыстар кезінде қаза тапқандардың отбасына жалпы сомасы 20 миллион теңгеден беріледі. Сақтандыру төлемдері де қарастырылған. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасындағы «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі басшысы биыл тамыздың аяғында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан батырларға материалдық көмек сомасы қалай белгіленгенін айтты.

«Оқиғаларға байланысты бүгін үкімет қаза болғандар отбасына 10 миллион теңгеден аудару туралы шешім қабылдады. Бес миллион теңге – жергілікті бюджет есебінен. Бес миллион теңгеден – Төтенше жағдайлар министрлігі есебінен, ерікті түрде. Сонымен қатар емделуге мұқтаж балаларға көмек.

Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру жағдайының болуы – бұл 60 айлық ақшалай жәрдемақы құрбан болғандардың отбасыларына төленетін болады. Яғни, мұнда көптеген нюанстар бар, мұрагерлік құқықты анықтау заңды, содан кейін олар бұл көмекті алады», – деді Юрий Ильин.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған