
T-Travel туристік агенттігі бүгінгі таңда Kazunion және Tui операторларымен келісімшарт негізінде әлемнің бірнеше еліне туристік жолдамалар ұсынады. Демалысыңызды жоғары деңгейде өткізгіңіз келсе, T-Travel компаниясына жолығыңыз!
Турпакеттер әлдеқайда тиімді
Египет, Түркия, Грекия немесе Таиландқа барғыңыз келсе, турпакеттерді өз бетіңізбен емес, туроператор арқылы рәсімдеген тиімді. Өйткені, туроператорлар көпшілік баратын жерлерге жолдаманы көтерме сатып алып қояды. Соңғы билеттерді тіпті арзанынан сатуы мүмкін. Сонымен бірге, адам азайғанда немесе мереке қарсаңында арзан турлар көбейеді. Сондықтан, егер қаржы үнемдегіңіз келсе, осындай кезеңдерде алғаныңыз жөн.
Тым арзан жолдамаға жүгірмеңіз
Егер турлар тым арзан болса, саяхатшы үшін бұл да бір белгі. Түркияға 10 күндік тур, мәселен, жол, тамағы, жатын орнын қоса есептегенде 300 доллар бола алмайды. Мұндай компаниялар тым көп орын сатып алып, оларды сатып үлгермеуі мүмкін. Турларды өзіндік құнынан төмен бағамен сату — компанияның құбылмалы жағдайынан сыр береді.
Демалыс түрін дұрыс таңдаңыз
Турфирмаға жолықпас бұрын қайда және қалай демалғыңыз келетінін анықтап алыңыз. Өз уақытыңзды да, турменеджердің уақытын да сыйлаңыз. Жағажайда жатқыңыз келе ме, әлде шаңғымен сырғанайсыз ба, мүмкін экскурсия ұнайтын болар, бәлкім тауға шыққыңыз келетін шығар, осы жайттарды нақтылап алыңыз. Қыста демалатын орындар болады, жазғы турлар да сатылады. Мысалы, Египет, Үндістан, Таиланд, Малайзия мен Дониникана әдетте қысқы бағыттар болып саналады. Ал Болгария, Грекия, Түркия, Испания мен Тунис бағытына жазда баруға болады.
Арзан турдан көп нәрсе күтпеңіз
Турфирмаға жолыққан кейбір туристер «бізге керемет, тамағы жақсы, экскурсиялары қызық арзан тур тауып бер» дейді. Тым төмен бағаға алынған турдан люкс бөлме, тамақтың мол таңдауын күтпеңіз. Күтіп алу — шығарып алу кезінде де кейбір қиындықтарға кезігуіңіз мүмкін.
Отельдер туралы пікірлермен танысыңыз
Турагент ұсынған отельдер туралы пікірлермен танысып алыңыз. Рас, кейде адамдар тым сыншыл болып келеді, қонақ үйдің тек жағымсыз жақтарын тізбелеп беруі мүмкін. Дегенмен, сапар алдында бір танысып алғаныңыз артық болмайды.