Астанадағы жәрмеңкеге Ырғыздың 5,3 тонна балығы жеткізілді

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Ақтөбе облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін жеткізді, деп хабарлайды «Тілші» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жәрмеңке «Хан Шатыр» маңында өтіп жатыр.

«Елорда тұрғындарына облысымыздың тауар өндірушілері ет, сүт, шұжық, көкөніс, бақша өнімдерін, жұмыртқа, ұн, т.б. ұсынып отыр. Ақтөбеден жеткізген өнімдеріміз табиғи таза, дәріленбеген. Елорда тұрғындарына өнімдеріміз ұнайтынына сенімдімін. Себебі таңертең ерте келіп, сауда жасап қала тұрғындарының қарасы қалың. Ал бағасы нарықтан 15-20 пайызға арзан, сапасы өте жоғары, таңдау көп», – дейді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағамбетов.

Күз түсіп, күн райының салқындағанына қарамастан Ақтөбе облысының тауар өндірушілері қауын-қарбыз, құлпынай, таңқурай сынды жеміс-жидектер жеткізіп отыр.

Ақтөбе облысы жәрмеңкеге барлығы 197,2 тонна өнім қойып отыр. Нақтырақ айтқанда: ет және ет өнімдері – 60 тонна, картоп пен көкөністер – 61 тонна, сүт және сүт өнімдері – 16 тонна, өсімдік майы – 1 тонна, жұмыртқа – 17,2 мың дана, балық – 5,3 тонна, бал – 0,5 тонна, шұжық өнімдері – 8 тонна, ұн және макарон өнімдері – 8,5 тонна, басқа өнімдер – 19,7 тонна.

Tilshi.kz сайтының Телеграмдағы парақшасына жазылыңыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған