Tilshi медиа мектебі 1 қазанда басталатын курстар тізімін ұсынады

«Тілші» медиа мектебі алдағы аптада басталатын курстан тізімін ұсынады. Кәсіби тілшілер, теле-, радиожүргізушілер, SMM және PR мамандары дәріс оқиды. Курстар ақылы және әзірге тек онлайн форматта өтеді.

Журналистика – 20 000 теңге (ұзақтығы 2 ай)

Мобильді журналистика – 25 000 теңге (ұзақтығы 2 ай)

SMM және журналистика – 25 000 теңге (ұзақтығы 2 ай)

PR және журналистика – 25 000 теңге (ұзақтығы 2 ай)

Баспасөз қызметі және қоғаммен байланыс – 20 000 теңге (ұзақтығы 1,5 ай)

Дикторлық шеберлік – 20 000 теңге (ұзақтығы 2 апта)

Радиожурналистика – 15 000 теңге (ұзақтығы 2 апта)

Ораторлық шеберлік – 15 000 теңге (ұзақтығы 2 апта)

***

«Тілші» медиа мектебі 2018 жылдың 6 қаңтарында жұмыс істей бастады. Содан бері ондаған шәкірт тәрбиелеп, газеттер мен радиостанцияларға, баспасөз қызметтеріне орналастырды. Бірқатар түлегіміз жеке жобаларын жүзеге асыра бастады.

«Тілші» медиа мектебі 2018-2019 жылдары Қырғызстан Республикасына медиатур ұйымдастырды. Оған, негізінен, «Тілші» мектебінің шәкірттері қатысты. Әрқайсысы 4 күнге созылған тур аясында олар Қырғызстанның жетекші редакцияларында шеберлік дәрістерін тыңдап, бауырлас елдің тілшілерімен жүздесті.

«Тілші» медиа мектебі Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Түркістан қалаларында, сонымен бірге, Ақтөбе облысының Байғанин, Темір, Мұғалжар, Алға аудандарында «Ақпаратқа қол жеткізу», «Ақпарат көздері», «Медиасауат», «Мобильді журналистика», «SMM және PR», «Медиа және құқық», т.б. тақырыптарда семинар-тренингтер ұйымдастарды.

Сонымен бірге, «Тілші» медиа мектебіне еліміздің өзге өңірлерінен SMM және PR, қоғаммен байланыс, мобильді журналистика, т.б. тақырыптар бойынша дәрістер өткізуге ұсыныстар түсіп келеді.

***

Төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласып, қосымша мағлұмат алуға болады:

+7 775 072 03 38 (Құндыз)
+7 778 523 44 96 (Асқар)

Сайтымыз: TilshiMedia.kz

Инстаграм-аккаунтымыз: @tilshi.media.fund

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған