Болашақ актер Наурызбай Асылбеков Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй» романын оқуға кеңес береді

Наурызбай Асылбеков:

– Менің таңдауым – Смағұл Елубаевтың әйгілі шығармасы, әйгілі туындысы «Ақ боз үй» деген романы. Тарихи кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Бұл жерде тарих, қазақтың басынан өткен зобалаң оқиғалар жайлы айтылған.

Бұл жерде қысым жасалған және ашаршылық ұйымдастырылған, түрлі-түрлі репрессиялар баяндалады. Шығарма сонысымен өте күрделі, сонысымен өте қызық. Кітап оқуға менде екі сағат уақыт кетеді. Күніне екі сағат кітап оқысақ, зейініміз, сауатымыз ашылып, білімімізді тереңдетеміз.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған