Kaspi.kz пен Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum-да үш марапатқа ие болды

Жыл сайын өтетін Kazakhstan Growth Forum-да жылдың үздік басшылары мен үздік компанияларын марапаттау рәсімі өтті. Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе қайтадан «Жылдың үздік CEO-сы» атанды. Михаил «Инновациялық даму үшін» марапатына ие болды, деп хабарлайды «Тілші» банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лондон қор биржасындағы Kaspi.kz-тің табысты IPO «Жылдың үздік мәмілесі» танылды. «Жыл трансформаторы» атағы да жаңа клиенттік тәжірибе құрғаны үшін Kaspi.kz-ке берілді.
«Осындай шешім қабылдағаны үшін қазылар алқасына рақмет. Біздің сервистерімізді пайдаланып, біздің үнемі дамып отыруымызға, инновацияларға шабыттандыратындарыңыз үшін сүйікті клиенттеріміздің әрқайсысына бүкіл Kaspi.kz командасы атынан алғыс білдіремін. Біз өз тарапымыздан өмірімізді жақсарта түсетін инновациялық сервистермен қазақстандықтарды әлі де таңғалдыра беретінімізге уәде береміз. Сонымен бірге бүкіл әлемге Қазақстанда инновациялық технологиялық компаниялар құрылып, табысты дами алатынын бірге көрсетеміз», – деп Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе марапаттау рәсімінде пікірін білдірді.
Үздік басшылар мен компанияларды жыл сайын Kazakhstan Growth Forum сараптамалық кеңесі айқындайды. Жеңімпаздар экономиканың түрлі салаларында ұсынылған 500 қазақстандық компания ішінен таңдалды.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе жетекші халықаралық консалтинг компаниясы – PricewaterhouseCoopers (PwC) жыл сайын өткізетін СЕО Survey сауалнамасының нәтижесі бойынша бірнеше рет Қазақстандағы ең үздік компания басшысы болып танылған болатын.
фото: tengrinews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған