Ақтөбе облысында әкіміне хабарласа алмаған қоғамдық кеңесші желіде шағым айтты

Темір ауданы әкімінің қоғамдық кеңесшісі, өңір белсендісі Ардақ Құбашева аудан әкіміне хабарласа алмай отырғанын жазып, желіде шағым айтты.

«Аманбаев Самалат Ермұханұлы (Темір ауданы әкімі – «Тілші»), ұялы телефоныңызды неге көтермейсіз?», – деп жазған қоғамдық кеңесші Ардақ Құбашева әкіміне ел шаруасымен хабарласқысы келгенін жасырмайды.

«Ел шаруасын айтуға хабарласа алмаймыз, неліктен? Өзге аудан әкімдері көтереді», – деп жазған Ардақ Мұғалқызы.

Айта кетейік, Ардақ Құбашева ұзақ жылдардан бері өңірдегі мәселелерді шешуге атсалысып келе жатқан аудан белсенділерінің бірегейі. Бюджеттік мекемеге жетекшілік етсе де, қоғамдағы проблемаларға бей-жай қарай алмайтынымен ерекшеленеді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған