«Қазхром» компаниясы Ақтөбенің «Тұрғын үй қалашығы» ауданындағы үйлерді жөндеуге жарты миллиард теңге қаражат бөлді

«Қазхром» компаниясы Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG арасында жасалған Меморандум аясында Ақтөбе қаласының тарихи ауданындағы 32 үйдің қасбеттері мен шатырларын жаңартуды қаржыландырды. Мұндай қайта жаңғырту жұмыстары 70 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет жасалып тұр.

Топ жетекшілері үйлерді жаңарту жобасын қаржыландыруды Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG арасында жасалатын жыл сайынғы Меморандум шеңберінде қамтуды ұйғарды. Бұл мақсаттарға компания 540 миллион теңге бөлген.

– ERG басшылығы осы ауданды қайта құруды қаржыландыру туралы бастаманы көтерген. Себебі, мұнда кезінде зауыт жұмысшыларына арналған алғашқы тұрғын үйлердің құрылысы да осы ауданнан басталған. Бұл ауданда біздің зауыт қызметкерлері мен ардагерлерінің отбасылары тұрады, – деді «Қазхром»ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов. – Қайырымдылық көрсету механизмі бойынша компания қаражат бөлді. Ал, әкімдік бұл бағдарламаға кіретін үйлерді және мердігерлерді анықтаумен айналысты. «Қазхром» компаниясы өз тарапынан жұмыстың барысын қадағалайды және жөндеудің сапалы жүргізіліп, тұрғындардың тілектері ескерілуін мұқият бақылайды. Биылғы бағдарламаға өтініштері енгізілмеген көрші үйлердің барын да білеміз. Алайда, тізімнің таңдалған соңғы нұсқасымен және оны бекіту ісіне қала әкімдігі жауапты. Келесі жылы біз бұл жұмысты жалғастырамыз және осы мәселеде қала тұрғындарының белсенділігіне үміт артамыз. Болашақта бұл жұмысты одан әрі жалғастыру мүмкіндігін қарастырамыз.

 

Тұрғын үй қалашығындағы қасбеттер мен шатырларды жөндеу жұмыстары 14 маусымда басталды. Сонымен қоса, 26 үйде қайта құру жүріп жатыр. Жұмысқа 180 адам жұмылдырылған. Бас мердігер, «Baisanat-A» ЖШС мәлімделген көлемді 2021 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтамақ. Қасбеттерді сырлауға таңдалған түс үйлесімділігі ескі қаланың рухын беретін үйлердің тарихи көрінісін сақтауға арналған.

Мониторинг аясында облыстық мәслихаттың депутаттары, оның ішінде «Қазхром»ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов та жұмыс барысын тексерді. Олар мердігердің басшылығымен кездесіп, тұрғындардан түскен шағымдарды талқылады. Әсіресе, биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, қоқысты уақтылы шығармау секілді арыздар бар.

– Жұмысқа кіріспес бұрын біз тұрғындармен кездесулер өткіздік. Жөндеуге байланысты уақытша қолайсыздықтар болатынын түсіндірдік. Алайда, біз барлық мәселелерді жедел әрі жекелей тәртіппен шешуге тырысамыз, – деді «Baisanat-A» ЖШС директоры Азамат Үсімбеков. – Үйдің үлкендерімен байланыстамыз. Олардың барлық қоңырауларына жедел жауап береміз. Қауіпсіздік тұрғысынан бақылау күшейтіледі. Ал қоқысты жиналған күйінде шығарамыз, бұл жөндеу жұмыстары кезінде болатын қалыпты жағдай. Онсыз мүмкін емес. Қасбеттер мен шатырлардан басқа, кіреберістердегі терезелерді ауыстырып жатқанымызды және өз бастамамызбен кірпіш қоршауларды қалпына келтіретінімізді атап өткім келеді.

Жеңіс даңғылы, 26-үйде тұратын Елена Мельниченко өмірінің көп жылын осы ауданда өткізген. Көршілермен бірігіп аулаларын абаттандырып тұрады екен. Үйлерін таза және ұқыпты ұстап келеді. Олар мекенжайлары қайта жаңалату тізіміне енгеніне қуанышты. Сондықтан олар жөндеу жұмыстарымен байланысты уақытша қолайсыздықтарға ешқандай наразылықтары жоғын білдірді.
Жергілікті тұрғындар атап өткендей, мұндай қайта құру Тұрғын үй қалашығының тарихында алғаш рет жүріп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған