Асқар Мамин «РТЖ» ААҚ бас директоры О. Белозеровпен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Ресей темір жолдары» ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозеровпен кездесу өткізді.

Тараптар теміржол көлігі және логистика саласындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де нығайту мәселелерін талқылады.
«Бірлескен көліктік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы» АҚ («БКЛК ЕРА») одан әрі дамыту перспективалары қаралды. Аталған интеграциялық жоба Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағы арқылы «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша тұрақты пойыздар құрамында транзиттік контейнерлік тасымалдау қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақстан өзінің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Темір жолдарды одан әрі дамыту, аймақтағы сауда мен транзит көлемдерін арттыру – біз үшін өте маңызды және басым міндеттер», — деді А. Мамин.

2020 жылы пандемияға қарамастан, «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жүктерді контейнерлермен тасымалдау көлемі 517,5 мың ЖФЭ құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 65%-ға артық.

Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2020 жылы 85,6 млн тоннадан асты. Осы жылдың I тоқсанында екі ел арасындағы контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өсті.

Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған