Рубль әлсіреп жатқанда Қазақстан мен Беларусь валюталары да құнсызданды

Мәскеуге батыс елдері тарапынан санкциялар салынып жатқан тұста, орыс валютасы күрт құнсызданып жатыр, деп хабарлайды «Тілші» «Орталық Азия жаңалықтарына» сілтеме жасап.

Ресей Орталық банкі ақша-несие саясатын қатайту жөнінде мәлімдеме жасағанына қарамастан, 7 сәуірде рубль АҚШ валютасына қарағанда бес айдан бергі ең төменгі минимумға жетті.

Ресеймен қатар Қазақстан мен Беларусь валюталары да әлсіреп жатыр.

8 желтоқсанда Қазақстан биржа қорында доллардың орташа бағамы 433 теңгені құрады. Ай басында доллар 426,94 теңгеге сатылған.

Қазақстан Ұлттық банкі теңге бағамының төмендеуіне рубльдің әлсіреуі және мұнайға қатысты бағаның тұрақсыздығы әсер етіп жатқанын түсіндірді.

Банктың монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов орыс валютасының әлсіреуіне санкциялар артып, рубль облигациясындағы шетелдік инвесторлардың қашып жатқаны себеп болуда дейді.

Бұл арада беларусь рублі де рекордтық деңгейге түсіп, 2,66 долларға бағаланды.

Credit Suisse қаржы тобының сарапшылары рубльдің әлсіреуіне Шығыс Украинадағы әскери эскалация қауіпі де себеп болып жатқанын айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған