ҚМГ және Татнефть Бутадиен жобасы бойынша өзара іс-қимылдың негізгі шарттары бойынша келісімге қол қойды

5 сәуір күні Қарағанды облысындағы Саран қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «Татнефть» ЖАҚ (бұдан әрі – Татнефть) бірлесе жүзеге асырып жатқан Бутадиен жобасы бойынша өзара іс-қимылдың негізгі шарттарын айқындайтын келісімге қол қойылды. Ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов, ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, Татнефть Бас директоры Наиль Магановтың қатысуымен өткен келешек шина өндіру зауытының іргетасын қалау рәсімінің аясында өтті, деп хабарлайды «Тілші».

Атырау облысында бутадиен каучуктерін өндірісу жобасын 2025 жылға дейін іске асыру көзделіп отыр. Өндіріс қуаты 186 мың тонна бутадиен каучуктері мен 170 мың тонна изобутанды құрайды. Шикізат ретінде зауытта «Теңізшевройл» ЖШС өндіретін бутан қолданылатын болады. Дайын өнім Қарағанды облысындағы шина өндіру зауытына, сондай-ақ Еуропа елдеріне, Ресейге, Қытай, Түркия мен т.б. жеткізіледі. Аталған бастаманы жүзеге асыру құрылыс кезеңінде 2000 жуық, ал зауыт іске қосылғаннан кейін 400 жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

«Татнефть» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының негізгі серіктестерінің бірі. Біз әріптестігімізді түрлі бағыттар бойынша белсенді дамытып келеміз – тауарлар мен жабдықтарды жеткізуден бастап, көнерген кен орындарында мұнай өндіруді арттыру бойынша қызметті ұйымдастыруға дейін. Бірлескен қызметіміз жемісін бере бастағанын атап өткім келеді. Біз бутадиен жобасы бойынша өзара іс-қимылдың негізгі шарттарын айқындайтын келісімге қол қойдық. Бұл ұлттық мұнай-химия саласын дамытудың тағы
бір маңызды кезеңі және әріптестігіміздің мызғымастығының айғағы болып табылады»,
– деп атап өтті А. Айдарбаев.

«ҚазМұнайГаз» және «Татнефть» арасында бұрыннан бері ізгі әріптестік орнатылған. Коронавирус пандемиясына байланысты кішігірім іркілістен кейін бірлескен жобалар жөніндегі келіссөздер қайтадан жандана түсті. Бутадиен өндірісі бойынша жаңа бірлескен жоба Саран қаласындағы шина өндіру кешенінің
құрылысымен тығыз байланысты. Біз Қазақстандағы шина өндірісін жергілікті шикізатпен қамтамасыз етіп, сол арқылы қос елдің Еуразиялық экономикалық әріптестігіне үлесімізді қосамыз», – деді Н. Маганов.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың шілдесінде ҚМГ мен Татнефть әріптестіктің бағыттарын айқындаған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Ал 2019 жылдың қараша айында қос компания «Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласына «Татнефть» ЖАҚ озық тәжірибесін енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына» қол қойды. 2020 жылдың қарашасында ҚМГ мен Татнефть  арасында Бутадиен каучуктерін өндіру жобасын іске асырудың экономикалық пайдасын зерттеу жөнінде әріптестік бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Анықтама:
Стирол-Бутадиен-Стирол (СБС) битумды модификациялау үшін, адгезивтер, желімдер мен резина өндірісінде қолданылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған