«Коммерсантъ»: Путин Дума сайлауында «Единая Россия» тізімінде болмайды

Владимир Путин 2021 жылы Мемлекеттік дума сайлауында «Единая Россия» партиясының тізіміне кірмеуі мүмкін. «Коммерсантъ» газетінің президент әкімшілігіне жақындығы бар үш дереккөзі осылай деп мәлімдеген.

Бұның алдында президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенко сайлауда көздеген мақсаттарын айтқан. Ол бойынша, «Единая Россия» сайлаушылардың дауысының 45 пайызын алуды көздеп отыр. «Бірақ «Единая Россия» тізімін Владимир Путин бастаса, онда партия бұдан жақсы көрсеткішке жетуі тиіс»,— деген Кириенко.

«Коммерсантъ» газетінің дереккөзінің айтуынша, президенттің сайлауға қатысуы оның 2018 жылғы президент сайлауындағы жоғары көрсеткішін жоққа шығаруы мүмкін. Сол кезде Владимир Путин 76 пайыз дауыс жинаған. «Единая Россия» күздегі сайлауда мұндай жоғары көрсеткішке жете алмауы мүмкін, деп есептейді дереккөз.

«Левада центр» жүргізген сауалнамаға қарағанда, сайлаушылардың 27 пайызы ғана «Единая Россия» партиясына дауыс бергісі келеді.

Ресей мемлекеттік думасын сайлау биыл 19 қыркүйекте өтеді.

centralasian.org

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған